8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 2128 0
Қалалықтар қаперіне

НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Орал қаласындағы Назарбаев даңғылы жүргіншілер аймағына айналады. Қазір ескі қаланы дамытудың арнайы жобасы әзірленді.

Оның мақсаты Назарбаев даңғылындағы сәулеттік ескерткіштерді сақтауға негізделген. Себебі осы көшеде 18-19 ғасырларда салынған 100-ден аса ғимарат бар. Тұжырымдама осы жолдан өтетін көліктердің қозғалысын шектеп, тек автобустарға арналады. Сондай-ақ веложолақтар салынып жаяу жүргіншілер аймағы кеңейтіледі. Ескі ғимараттар да жаңғыртылады. Бұған қоса, көше бойында қоғамдық тамақтану және сауда орындарын ашуға ниетті кәсіпкерлерге бар жағдай жасалмақ. Айқындалған міндеттерді іске асыру үшін әуелі инженерлік инфрақұрылымдар қалпына келтіріледі. Даңғыл маңындағы жолдар жөнделеді. Мұның бәрі қаланың туристік әлеуетін арттыруға септігін тигізбек. Темірболат Шәкіржанов, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы: – Орал – Түркістан сияқты көне қала. Бізге ауқымды жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан өз ісін жетік білетін мамандарды, сарапшыларды тартамыз. Неден бастағанымыз дұрыс? Осының бәрін ойластырамыз. Бұл жер қаржы тартудың орталығына айналады. Даңғылдың әр шаршы метрі кәсіпкерлердің қызығушылығына ие болатыны сөзсіз.

 

https://www.bko.gov.kz/kz/onir-janalyqtary/4816-oralda-y-nazarbaev-da-yly-zha-a-kejipke-enedi

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»