8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Наурыз 2025 6277 0
Бәрекелді!

Наурыз келді тағы да, жер мен көкті жаңартып!..

Бейсенбіде «Нұр-Ер» ат спорты кешенінде «Наурыз- Думан» атты тақырыпта Наурыз мерекесі сән-салтанатымен аталып өтті.


Мейрамға келген қонақтарды түйеге мінген Қыдыр баба мен ұлттық киім киген қыз-келіншектер, әжелер ән шырқап, шашу шашып қарсы алды. Бұдан соң Орал қаласының әкімі М.Байменов құттықтау сөз сөйледі.

– Құрметті жерлестер! Наурыз мейрамы –  тазалық пен жаңарудың, іргесі сөгілмеген бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Еліміз көркейіп, ынтымағымыз нығайып, жайнай берсін!- деген қала әкімі М.Байменов «БатысСервисПлюс»,»Нысан Қорғау»ЖШС мен «Нұр -Ер» ат спорты кешенінің бір топ қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Айтулы шарада «Бәйтерек» комьюнити орталығының және қалалық Жастар сарайының өнерпаздары әуездері әндер шырқап, сахналық қойылымдар көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді.

Өзге мерекеге ұқсамайтын мәні бар бұл мейрамда арқан тарту, гір тасын көтеру,армрестлинг бойынша өткен ойындар көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Ұлттық мейрамға келгендер киіз үй төріне шығып,ұлттық тағамдардан ауыз тиді. Шараның соңында өткізілген ойындардың жеңімпаздарына Алғыс хат пен ақшалай сертификаттар табысталды.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
96 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
187 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
226 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
265 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
344 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»