8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Наурыз 2023 5382 0
Қоғам

Наурыз – 2023🌱

Самиғолла ҚОЖАҚОВ, зейнеткер: – Жыл сайын немерелерімді ертіп, осы алаңға келіп, Наурыз мейрамын тамашалаймыз. Биылғы жылы көктем ерте шығып, ауа райы да тамылжып тұр. Малға да, адамға да жайлы деуге болады. Жиналған халықтың қарасы да көп. Барлығының жүздерінен қуаныш лебі байқалады. Әсіресе, ұлттық ойындар дәріптелуде. Атап айтсақ, ұмытыла бастаған асық ату ойыны кейінгі жастарға үлгі боларлық. Ләйім тек амандық болып, Наурыздан Наурызға аман жетейік!

Перизат АМАНГЕЛДИЕВА, қала тұрғыны: – Ұлттық мерекелердің ішіндегі осы мейрамды ерекше жақсы көремін. Өйткені бұл күні бір-бірімізбен қауышып, үлкендерден бата алып, мәре-сәре боламыз. Өзге ұлт өкілдері де шынайы құрметпен қарап, қастерлі мейрамның қадірін терең түсінгені қуантады. Тамаша күннің татулыққа бастайтын, бірлігімізді нығайтатын ғұрып екенін білдіреді. Тұңғыш Президент алаңында өткен шарадан алған әсерім көп. Әсіресе, көптеген қыз-келіншектер мен жігіттердің ұлттық киімдермен жүргені көңіліме қуаныш ұялатты.

Марат АЛҒАЛИЕВ, қала тұрғыны: – Бұл мейрамды Жайық жұртшылығы жақсы қарсалуда. Бір-бірімен төс қағыстырып, ақсақалдармен амандасып, игі тілектер айтып, үлкендерге ізет көрсетіп жатыр. Ызғарлы қыс кетіп, шұғылалы көктем келіп, жер аяғы кеңіп, салт-дәстүріміздің аясы кеңеюде. Әдет-ғұрып көріністері көрсетіліп, мәдени құндылықтарымыз жаңғыртылып, ұлт пен ұлыстың мәдениеті жақындасуда. Наурыз мейрамының ұлағаты қалыптасқан жақсы үрдіс жалғасын таба берсін.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»