8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 2682 0
Жалын

«MY ROBOT» БАЙҚАУЫНА 7 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ҰТЫСЫ ТІГІЛДІ

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «My robot» байқауы өтті. Білімділер додасына 77 командадан 133 оқушы қатысты. Жалпы жүлде қоры 7 180 000 теңгені құрады.

Байқаудың мақсаты – роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету, білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру, облыстың білім беру ұйымдарында «Роботты техника» курсын оқытудың жүзеге асырылуын бақылау, роботты техника бойынша дарынды балалардың шығармашылық ортасын қалыптастыру.

Шараның басты демеушілері BilimMediaGroup, SITCEN жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері BilimBook компьютер-трансформерларын, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ – білім грантын, TORUS.KZ ЖШС мультимедиялық проектор, робототехника құрылғылары және т.б сыйлықтар, АксайГазСервисАҚ, AVENCOM ЖШС, IT GROUP ЖШС Samsung маркалы планшеттарын, Smart school Arduino роботты құрылғыларына сертификаттар, STEM Academia ЖШС инженерлік жинақтарын ұсынды.

Байқау сызық бойымен жүру, кегельринг, кегельринг – квадро, сумо, «Smart City» шығармашылық сынды 5 санат бойынша өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды сызық бойымен жүру, кегельринг-квадро, сумо категориялары бойынша Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы, №1 Подстепный ЖОББМ оқушылары, кегельринг категориясынан тасқалалық Сәулет мектеп лицейінің оқушылары қанжығаларына байлап, жүлдеге иеленген әр оқушыға 1 данадан BilimBook компьютер трасформерлары тапсырылды. Ал шығармашылық категориясы бойынша Теректілік Х.Есенжанов ат.ЖОББМ оқушылары оқ бойы озық шығып, BenQ проекторы + Arduino роботы, LEGO дизайн роботты жиынтығын (Mindstorms LEGO) ұтып алды.  Ал Жәңгірхан атындағы БҚАТУ ұсынған грантты Теректі ауданы, Х.Есенжанов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Балауса Сапарбай жеңіп алды.  Шара соңында білім басқармасы басшысының атынан демеушілерге алғыс хаттар табысталды.   Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз хатшысы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»