8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2021 1684 0
Қалалықтар қаперіне

МОРАТОРИЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жанында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтар жұмыс істейді, олардың жұмысы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы” Жарлығы қабылданғаннан кейін шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін 27 заңсыз тексеру анықталды, олар прокуратураның қадағалау актілері бойынша күшін жойды.

Мысалы, сәулет және құрылыс саласындағы уәкілетті орган шағын бизнес субъектісі салып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйге халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қатер төну фактісі болмаған жағдайда да негізсіз тексеру жүргізді.

Жалпы мораторий кезеңінде негізсіз тексерулерді тағайындаудың жолын кесуді облыс прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасында тіркеуді келісуден бас тарту арқылы жүзеге асырады.

Қабылданған шараларға байланысты кәсіпкерлерді, оның ішінде 10 шағын және микробизнеске қатысты 28 негізсіз тексерудің алды алынды.

Кәсіпкерлер өз құқықтарын бұзу мәселелері бойынша тәулік бойы облыс прокуратурасының Call-орталығына мына нөмерлер 8 7112 510941, 8 775 437 69 96 арқылы хабарласа алады.

БҚО прокуратурасы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»