8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қазан 2023 2675 0
Құттықтаймыз!

Мерейі тасыған жандарға құрмет


Бүгін, қазанның 24-і күні Орал қалалық әкімшіліктің үлкен залында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты жиын болды.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімі Миржан Сатқанов: – 25 қазан – Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздері 13 жылдан кейін қайтадан жарияланды. Бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы болатын. Ұлттық мерекеге орай мәдени, спорттық шаралар өткізіліп, бірнеше жаңа нысандар ашылды. Мұның барлығы сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі. Мейрам құтты болсын! Жанұяларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! – деді. Бұдан соң шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы 2023 жылғы 16 қыркүйектегі Жарлық бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен көпбалалы аналарды медальдармен наградтады.

Сондай-ақ еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектері үшін бірқатар азаматтарға қала әкімінің Алғыс хатын табыстады. Шара соңы өнерпаздардың концертіне жалғасты.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»