«Мен және менің полицейім» атты республикалық акция өтті
Сәуірдің 13 күні қаладағы №37 жалпы білім беретін орта мектептің ауласында «Мен және менің полицейім» атты республикалық акция аясында жол жүру ережелеріне қатысты көлемді іс-шара өтті.
Оқушылар бойына құқықтық тәрбиенің қоғамда маңызы зор екендігін сіңіру, ерік-жігердің оқушы өмірінде үлкен рөл атқаратынын түсіндіру, құқықты сақтауға тәрбиелеу және өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды талап ету мақсатын ұстанған іс-шара Орал қ.ПБ мен №37 мектеп ұжымы және «Алау» балалар аула клубының ынтымақтаса жұмыстануы нәтижесінде жүзеге асты. «Алау» балалар аула клбуының жетекшісі Дариға Жасқайратқызы мен клуб құрамындағы тәрбиеленуші оқушыларының еңбегі зор екенін ерекше атаған жөн. Олай дейтініміз, аталмыш іс-шараны «Алау» балалар аула клубының ұжымы қызықты, тартымды мазмұнда ұйымдастыра білді. Бұл күнгі іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Гүлжан Бисенғалиева, Ботакөз Жасанова, №37 мектептің «Жас жол сақшылары» командасы, Орал қ.ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше инспекторлары, сынып жетекшілері, жанкүйер болған ата-аналар қатысты.
Патрульдік полиция батальонының инспекторлары жол белгілерін көрсетіп, әрқайсысына қысқаша сипаттама берді. Самокат пен велосипедін үйінен ала келген оқушылар жол жүрісі ережелерін үнемі есте ұстап, көрсетілген жол белгілеріне сипаттама жасады. Ертегі кейіпкері кейпінде ортаға шыққандардың жол белгілеріне қатысты қойған сауалдарына оқушылар нақты жауаптар қайтарып, білетіндерін дәлелдеді. Оқушылармен «Дөңгелек» биін билеп, балғындарды бір сергітті. Тапқыр оқушыларға «Гауһар жолы» ұйымының менеджері Эльеонора Бекқазиева естелік сыйлықтар тапсырды.
Оқушылар бойында патриоттық рухты ұялату, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жол жүру ережесін, қауіпсіздік шараларын үйрету мақсаттарын көздеген «Мен және менің полицейім» атты республикалық акция аясындағы іс-шараға зор дайындықпен келген оқушыларға, «Алау» балалар аула клубының жетекшісі Дариға Ақболатоваға құзырлы басқарма өкілдері алғыстарын айтты.
Жол жүру ержесі туралы білетіндерін азғантай уақыт ішінде жеткізуге тырысқан оқушыларға шынайы ризашылығын жеткізген Орал қ.ПБ инспекторлары еліміздің ертеңгі болашақ патриоттарының әрбір қарымды істеріне толағай табыстар жолдас болсын деп тарқасты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті

Кіру
Пікір үстеу