Мемлекеттік қызметтегі меритократия
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында тағайындаулар кезінде кандидаттардың кәсіби және моральдық сапалары, сондай-ақ бұрынғы лауазымдардағы нәтижелері ескерілуі қажет екенін, меритократия қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Меритократия, еңбегіне қарай қызметте өсу жүйесі ретінде, мемлекеттік қызметтегі табыс пен мансаптық өсу кәсіби жетістіктерге, білімге және біліктілікке байланысты екенін білдіреді, ал жеке байланыстар мен мәртебеге тәуелді болмайды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту жағдайында меритократия қағидаты ерекше маңызды, өйткені ол халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыра отырып, ең білікті және ынталы қызметкерлерді тартуға мүмкіндік береді.
Яғни, меритократия лайықты кадрларды іріктеу және мемлекеттік қызметшілердің жеке жетістіктерін мойындау негізінде оларды әрі қарай кәсіби және мансаптық ілгерілету деген сөз.
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментімен кадрлардың жай-күйіне, меритократия қағидаты бойынша оларды тағайындаудың объективтілігі мен ілгерілетуге тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.
Батыс Қазақстан облысында меритократия мемлекеттік қызметтің ашық, есепті және нәтижелі жүйесін құрудың негізі болып табылады, мұнда әрбір қызметкер өз еңбегінің лайықты бағаланатынын және мансаптық мүмкіндіктері жеке үлесі мен біліктілігіне байланысты екенін түсінеді.
Осылайша, 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша өңірде мемлекеттік қызметтегі меритократия деңгейі 67%-ды құрап отыр. Осылайша жыл басынан 24 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға ішкі конкурс арқылы ілгерілеген.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің жоғары жұмыс тиімділігін көрсетіп, төрт тоқсан қатарынан бағалау нәтижесі тиімді болған кезде ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымға тағайындала алуы қызметшілерді қосымша талпындырады деп айтуға болады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 19-мамырында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңға қол қойылды.
Заңда мемлекеттік қызметтің уәждемелік әлеуеті мен тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ оның институционалдық жадын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген.
Соның ішінде, Заңда «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін олардың лауазымдық айлықақыларының мөлшері тәуелді болатын лауазымдық деңгейді белгілеуді көздейтін, бір лауазым шеңберінде көлденеңінен өсу механизмін енгізу көзделеді.
Осы тұста, меритократия қағидатын сақтау неғұрлым лайықты кадрларды іріктеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаржы немесе «байланыстар» емес, жеке сіңірген еңбектерін тану негізінде оларды кәсіби және мансаптық ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Соңғы жаңалықтар
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАСТАР ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАП, ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі: сақтау кезінде қандай технологиялар қолданылады?
Әлеуметтік күн тәртібі мен еркін үгіт-насихат: байқаушылар Қазақстандағы сайлау науқанының барысына өз бағасын берді
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті
«Байтақ» партиясы халықтың таңдауына құрметпен қарайды» – Азаматхан Әміртаев
Миссия наблюдателей от СНГ представила итоговую оценку прошедших в Казахстане выборов депутатов Курултая
«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарын сайлауға жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады
ТМД миссиясы Құрылтай сайлауын әділ, бәсекеге толы әрі ашық өтті деп бағалады
«ДАУЫС» коалициясы Құрылтай сайлауындағы қоғамдық байқаудың алдын ала қорытындысын жариялады
Наблюдатели в ЗКО зафиксировали высокую явку и отсутствие нарушений
Орал төріндегі тарихи таспа: «Қосшығұлов: шоколад фабрикасы» актерлері Құрылтайда дауыс берді
Оралдағы №502 сайлау учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Спорт алаңынан сайлау учаскесіне: танымал қазақстандықтар дауыс беруге қатысты
ЧЕМПИОНДАР ТАҢДАУЫ: СПОРТ САҢЛАҚТАРЫ ЕЛДІК НАУҚАННАН ҚАЛЫС ҚАЛМАДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
Тұсаукесер, ретро және кино кейіпкерлері: Құрылтайға алғашқы сайлау күнін қазақстандықтар мерекелік көңіл-күйге ұластырып жатыр
Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Кіру