8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2019 1698 0
Қалалықтар қаперіне

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІ ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен  Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің twitter-дегі парақшасында жазылды.

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туылған.

2016 жылдан осы уақытқа дейін бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Асқар Ұзақбайұлы үйленген, бір ұлы мен бір қызы бар.

Ол Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.

Техникалық ғылымдар кандидаты.

Мансабын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушы болып бастаған.

1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникация вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылдың сәуірінен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті лауазымын атқарған.

1998 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 жылы «Құрмет» орденімен, 2011 жылы екінші деңгейлі «Барыс» орденімен, 2010 жылы орыс православиелік шіркеуінің Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен, 2013 жылы Францияның Құрметті Легионы және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен, 2014 жылы Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен марапатталған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
99 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
189 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
228 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
267 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
346 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»