«МЕЙІРІМ ШУАҒЫНДАҒЫ» БІР КҮН
Орал қаласында «Жусан» операциясымен қақтығыс аймағынан елге оралған аналар мен балалар үшін «Еуразия» туристік сауықтыру орталығында бір күндік лагерьде бас қосты. Шараны Орал қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
«Жусан» операциясы аясында кіндік қаны тамған туған жеріне оралғандардың қатарында 91 батысқазақстандық бар. Олардың 25-і – әйел, 63-і – кәмелетке толмағандар. Елге аяғы тиген сәттен оңалту шараларынан өткен әйел-аналардың қазіргі жағдайы жақсы. Жарқ еткен сәуленің соңынан ілесіп келеді. Осы орайда қоғамға бейімделуі мақсатында ұйымдастырылған шаралардан қалыс қалмауға тырысады. «Интеграл» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған «Мейірім шуағы» лагері де осындай игі жұмыстардың бірі.
– Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сыйлайтын орта. Әдеттегі монотонды түсіндіру жұмыстарынан гөрі өзгеше форматта, таза ауада ұйымдастыру арқылы әйел-аналарға, балаларға қызықты күн, қоғамға бейімделу жолында әрекет етуге серпіліс сыйлауға тырыстық. Лагерь аясындағы бағдарламаны да осы бағытта – бәрі бірге атсалысып қатысатындай, ой бөлісе алатындай негізде жоспарладық. Аналарымыз қызығушылық танытуда, – дейді қоғамдық бірлестік төрайымы Аида Мектепқалиева.
Бір күндік шара аясында тренингтар, балаларға арналған қызықты ойындар өткізілді. Арнайы шақырылған аниматорлар балғындардың көңілін сергітіп, қызықты конкурстар ұйымдастырды. Әр шара отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталды. Түс ауа тәжірибелі психолог Әдемі Аянғалиева әйел-аналарға мақсат қою және ішкі қорқынышты жеңуге бағытталған семинар-тренинг жүргізді.
– Ойын түрінде кәсіп ашуға жоспар құрдық. Екі топқа бөлінген аналар бизнес ашу, шикізатты алу, өнімді өткізу мен табыс алу жоспараларын жасады. Бұл осы істі өздері жасай алатынын сездіру, өздеріне сенімділіктерін нығайту үшін ұйымдастырылды. Мәселен, біреулеруі балмұздақ сату кәсібін жүргізудегі жоспарын көрсетсе, тағы бірі Ет комбинатын ашуға ынталы екендіктерін жеткізді. Осы орайда әрқайсысы өздерінің жоспарларын айтқанда, өзгелері тыңдай отырып, «менің де қолымнан келеді» деген ықыластарының оянуына сеп болуы мүмкін, – дейді «ЕРДЕМ» дамыту орталығының психологы Әдемі.
Аталмыш топтағы әйел-аналармен оңалтудың алғашқы кезеңінен-ақ жұмыстанып жүрген Әдемі Аянғалиева атап өткендей, бұл әйелдердің алды 4 жыл, ұзағы 12-15 жыл елімізден тыс жерде әрі соғыс жағдайында болғандықтан, дамып жатқан қоғамнан қалыс қалған. Әрі келген кезде халықтың құшақ жая қабылдамағаны, тіпті кейбірінің туыстарының теріс айналуы олардың тұйықтықтан, күйзелістен шығуына кедергі болғаны рас. Сондықтан жүйелі түрдегі бейімдеу жұмыстары маңызды. Оған теолог, психолог, әлеуметтік мамандар мен қоғамдық ұйымдар күш салып келеді. Бірлескен жұмыс нәтижелі.
Тұрмыстың түрлі түйткілімен жиі жүздесе бермейтін тағдырластар үшін табиғат аясындағы бұл шара ішкі тебіреністерін бір-бірімен бөлісуге, жаңалықтарын жеткізулеріне мүмкіндік берді. Шоқтай болып сөнген үміттерін жаққан мемлекеттің қолдауына әрқайсысы риза. Осы кезге дейін бірқатары тегін түрде ұсынылған киім тігу, хиджама жасау сынды курстардан өткен, «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлік негіздерінен сабақ алған. Өз бизнес-жоспарларын дайындап, грант алуға ниеттілері бар. Жарқын болашаққа ұмтылған олар өткен қиын күндерді мүлде еске алғылары келмейді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру

Пікір үстеу