МАМЫР МЕРЕКЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАРДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ОНЛАЙН ӨТЕДІ
Мамыр айындағы мерекелердің атап өтілуі бүгін, 19 сәуір күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында таныстырылды.
– Соғыс және еңбек ардагерлері үшін мерекелерді елеусіз қалдыруға болмайды. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ардагерлердің үйіне бармау қажет. Десе де, әрқайсысына құттықтаулар, сый-сыяпаттар волонтерлар арқылы жолданады, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымовтың мәліметінше, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекелеріне арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өтеді.
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі бойынша облыстық іс-шаралар жоспарына барлығы 207 шара енгізілген. Оның 76-сы офлайн, 131-і онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 15 сәуір мен 4 мамыр аралығын қамтиды. 60 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.
Оның ішінде «Татулығымыз бір шаңырақ астында» атты ғылыми конференция , «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» атты орыс халық аспаптары оркестрінің концерті сынды шаралар «Қазақ елі – достық бесігі» атты мерекелік концерт, Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының түрлі ұлттардың және облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерттер онлайн форматта өткізіледі. 1мамырда этномәдени бірлестіктердің «Ағаш отырғызу» акциясы, этномәдени бірлестіктердің «30 игі іс» аясындағы қайырымдылық керуені ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы күні сағат 11.00-де қала тұрғындарының қатысуымен мәдениет және демалыс саябағынан Тұңғыш Президент алаңына дейінмерекелік велошеру өтеді. Сондай-ақ Жастар мәдениет үйінде «Береке басы-достық» атты мерекелік концерт, әлеуметтік желілерде ұлттық тағам, ұлттық киім көрмелері, ойын-сауық бағдарламалары, викториналық сұрақтар, қол-өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкелері өткізіледі.
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай облыстық іс-шаралар жоспарына барлығы 175 шара енгізілген. Оның 54-і офлайн, 121-і онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 21 сәуір мен 9 мамыр аралығын қамтиды. 48 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.
Атап айтқанда, 2 мамыр күні Орал қаласының 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушы сарбаздардың бір күндік өмірін жастарға көрсету мақсатында экскурсия, 5 мамыр күні Жастар шығармашылығы орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлікке бастар асқақ ән» атты патриоттық ән байқауы өткізіледі. Осы күні облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде студенттер арасында облыстық «Отан қорғаушы – 2021» әскери-патриоттық ойын ұйымдастырылады. 5-6 мамыр күндері Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында төрт кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны – 2021» облыстық байқауы өткізіледі. Ал 7 мамыр күні «Жастар» стадионында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі ұйымдастырылады және Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрда «Мәншүк» драмасы, А.Н.Островский атындағы драма театрда «Рядовые» драмалық балладасы қойылады. 8-9 мамыр күндері тоғай (перевалочная роща) ішінде Отан қорғаушылар күніне арналған кросс-кантри веложарысы өткізіледі.
9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай 277 шара жоспарланған. Оның 78-і офлайн, 199-ы онлайн форматта өткізіледі. Іс-шаралар 10 сәуірден бастау алды, 19 мамырға дейін жалғаспақ. 80 шара облыс орталығында қалғандары аудандарда ұйымдастырылады.
Осы орайда «Ұрпақ тағзымы» атты патриоттық акция аясында облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде ҰОС батырлары мен ардагерлерінің есімдері берілген көшелерге, ҰОС байланысты ескерткіштерге тазалық, әрлеу жұмыстары ұйымдастырылады. Волонтерлер ардагерлердің үйіне барып аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар отырғызады.
5-8 мамыр күндері аралығында Жеңіс күніне орай шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында мұз спорты сарайында «Жеңіс кубогі» өткізіледі. 6 мамыр күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты көрме, әлеуметтік желілерде «Ұлы Жеңістің Ұлы есімдері» тақырыбымен конференция-телекөпір ұйымдастырылады.
8 мамыр күні Гагарин атындағы кинотеатрда еңбек ардагері Меруерт Жолдықайыроваға арналған «Жеңіс жаңғырығы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтеді.
9 мамыр күні «Жеңіс» алаңындағы «Мәңгілік алауға» және «Бауырластар зираты», «Қазақ халқының даңқты қыздары» Г.Жуков, Т.Масин ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Сондай-ақ, осы күні «День Победы» әнін балконнан орындау флешмобы өтетін болады. Соғыс ардагерлерінің мекенжайларында соғыс кезіндегі әндерден балкон алдында концерт қойылады. Мәдениет және демалыс саябағында «Солдат ботқасы» театрландырылған концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
10-12 мамыр күндері А.Әйтиев көшесінде орналасқан спорт залда Каратэ-до (WKF) спортынан М.Мәметованы еске алуға арналған «Akzhaik Open» республикалық турнирі өткізіледі.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу