МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ұстаздар күні мерекесіне орай батысқазақстандық білім беру саласы ардагерлері мен қызметкерлерін облыс басшысы Ғали Есқалиев құттықтады. Мерекелік «Егемен елдің ұстазы» салтанатты жиыны Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өтті.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, «Дала қоңырауы» атанған Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы және қазақ даласында қазақ балалары үшін Жәңгір ханның ашқан тұңғыш мектептің 180 жылдығымен тұспа-тұс келген мерекеге орай кеш «Жәңгір хан жаңғырығы» театрландырылған би қойылымымен басталды.
Облыс басшысы Ғали Есқалиев мерекелік құттықтау лебізінде ұстаздардың қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз үлестерін атап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тіледі.
– Мұғалім өткен мен бүгінді жалғайтын алтын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшырақ. Білікті маман, білімді кадр қай заманда да елдің мықты тірегі. Білім саласының дамуы, ұстаздар мен оқушыларды қолдау біз үшін қашанда ең маңызды міндеттердің қатарында. Осы себептен еліміз тәуелсіздік туын тіккен күннен бастап жастардың білім алуына тиісті жағдай жасап келеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Жолдауында білім беру саласын одан әрі дамытып және қолжетімді сапалы білім алуы үшін жағдай жасауды бәрімізге тапсырды. Биылғы жаңа оқу жылы орта білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқыту штаттық форматта қамтамасыз етілді, – деді облыс басшысы Ғали Есқалиев.
2021-ші жылы республикалық пән олимпиадасында 29 оқушы жеңімпаз атанса, оның бесеуі «Алтын белгі» иегерлері. Облыс командасы олимпиада қорытындысы бойынша үздік үштікте. Сонымен қатар 8 оқушы халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпазы болды. Ауыл оқушыларының сапалы білім деңгейін арттыру үшін I-Qanat қоры 9-сынып оқушыларына тегін олимпиада өткізіп келеді. Сол олимпиаданың үш жылы ішінде облыстың 39 оқушысы Бурабайда орналасқан мектепке қабылданса, биыл 10-ы мектепті бітіріп, мемлекеттік грантқа ие болды. Облыс орталығында Fizmat Primary мектебі ашылып, бастауыш сыныпқа 64 шәкірт қабылданды. Жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін бірқатар проблемалық мәселелер бар.
– Облыста 4 үшауысымды және 8 апатты жағдайдағы мектеп бар. Мәселелерді шешу үшін барлық қаржыландыру есебінен 2216 орындық 8 мектептің құрылысы жүруде. 1300 орындық екі мектептің құрылысы жеке инвесторлар қаражаты есебінен салынуда. Өңірде 20 мыңнан астам педагог еңбек етіп, 160 мыңнан астам оқушыға білім беруде. Мемлекет басшысының қолдауымен педагогтар мәртебесі көтеріліп, мұғалімдердің жалақылары көбейтіліп, жұмыс жүктемелері азайтылды. Мемлекеттің тікелей қолдауының арқасында 2021 жылы 409 педагог көтермеақы, 167 педагог үй алу үшін арнайы несие алды. Мұғалімдердің қоғам алдындағы міндеті – бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте күнбе-күн балалар тәрбиесімен айналысу, адами жақсы қасиеттерін дамыту қажет. Сіздердің жұмыстарыңызға көзқарастарыңыз, еңбекқорлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңыз Қазақстан қоғамын қалыптастырады, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Шарада үздік ұстаздарға облыс әкімінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінң «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» берілді. Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес облыс әкімінің қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен куәлігі және 300 АЕК мөлшеріндегі бір реттік сыйақы биылғы жылы Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің мұғалімі Айнұр Дүйсеноваға табысталды.
Республикалық «Үздік педагог-2021» байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетіліп, «Жасампаз жаршысы», «Шабыт шалқары», «Парасат жолымен», «Тәуелсіздік құрдастары», «Педагогикалық әулет» номинация иегерлері марапатталды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті

Кіру
Пікір үстеу