«Мөлдір бұлақ»: БҚО-да республикалық тазалық акциясы өтті
Тасқала ауданында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясының екінші кезеңі өткізілді. Оған вице-министр Жандос Сәлімов, облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, «Қазсушар» кәсіпорны мен Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының мамандары, аудандық бөлім-мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағы мен ерікті жастар қатысты.

Экологиялық акцияны ашқан Нұрділдә Ораз аймақ басшысының сәлемін жеткізіп, Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылған нақты істерге тоқталды.
— Биыл облыстық санитарлық-экологиялық айлық аясында ұйымдастырылған «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ», «Жасыл болашақ» сияқты акцияларға 85 мыңнан астам адам қатысып, 17 мың гектар аумақ тазартылды, сондай-ақ 36 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бүгінгі басқосу – кезекті экологиялық шара ғана емес, бұл — келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезінудің және атамекенге деген шынайы сүйіспеншіліктің айқын көрінісі, — деді ол.
Аймақта су саласын дамыту және гидроқұрылымдарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл Тасқала ауылында Деркөл өзенінің арнасы кеңейтіліп, түбі тереңдетілуде. Аудан үшін стратегиялық маңызы бар Жайықбай арнасын қайта жаңғырту жұмыстары да қолға алынды.
ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов берекелі бастамаға біркісідей атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді. Еңбек ардагері Бақтығұл Тасмағамбетов Тасқаланың бай табиғатын сақтау мен оны ұрпаққа аманат етудің мән-маңызын айтса, ақсақал Жұмагелді Үмбетәлиев игі іске ақ батасын берді.
Акция аясында 130-дан астам адам Тасқала ауылы маңындағы шағын бұлақты көң-қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін әктеді. Қураған тал-теректерді кесіп, аумақты арамшөптерден арылтты.
Айта кетейік, жалпы ұзындығы 176 шақырымды құрайтын Деркөл өзені осындай жерасты бұлақтардан да нәр алады. Ешкітаудан бастау алып, Шағанға барып құяды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Робот-собака, Тәртіпбек и Тазабек на «BaiQymyz–2026»: акцию «Закон и порядок» провели на гастрофесте в Астане
Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
«Әділет» партиясында білім беру, мәдениет және креативті индустрияны дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті
«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды
Главой государства подписан Указ «О мерах по стимулированию и развитию индустрии цифровых активов в Республике Казахстан»

Кіру










