МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Бүгін, 5 қазан күні Батыс Қазақстан облысында мұғалімдерге арналған BILIMLAB цифрлық ресурстар орталығы ашылды. Жаңа орталық Орал қаласындағы №19 орта мектепте орналасқан. Мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында ашылған орталықты Bilim Media Group компаниясы сыйға тартты.

Орталықтың таныстырылымына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бүгінгі жарияланған мемлекет басшысының Жолдауында мұғалімдер мәртебесін көтеруге, білім сапасын арттыруға ерекше мән берілгенін айтты.
– Бүгін мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауын жариялады. Жолдаудың негізгі бағыты – адам капиталын дамыту. Әр жыл сайын Елбасы осы мәселені басты назарға алып келеді. Сондай-ақ осы жолы Нұрсұлтан Әбішұлы мұғалімдерді қолдауға айырқша мән беріп, заң қабылданатынын айтты. Тәжірибеде мұғалімдерге өздеріне қатысы жоқ түрлі функцияларды жүктеп қойғанымыз жасырын емес. Осы кезге дейін сенбіліктер, қоғамдық шаралар, концерттер, саяси жиындарға мұғалімдерді тарттық. Мұның бәрін реттейтін уақыт жетті. Біз Жаңа Қазақстанды құрудамыз. Қабылданатын заңда, Елбасымыз айтқандай, мұғалімдер құқын қорғауға қатысты мәселелер қаралады. «Білім сапасын арттыруда жұмыстанып жүрген мұғалімдерге көңіл аударуымыз қажет. Мұғалімнің қолдаушысы, қорғаушысы болуымыз керек». Елбасы үлкен мінберден осыны айтты. Екінші мәселе – білім саласын дамытуда Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату. Назарбаев зияткерлік мектептері 10 жылдан астам дүние жүзінің ең озық тәжірибелерін жинап, пробациядан өткізіп, Қазақстан мектептеріне адаптация жасады. Мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы орталықтың ашылуы – сол жинақталған тәжірибенің практикалық жүзеге асуының көрінісі. Бұған қолдау көрсеткен Bilim Media Group компаниясына рахмет айтамыз. Bilim Media Group компаниясы дайындаған өнімдерде 40 мыңнан астам бейнесабақтар, 250 мыңнан аса білім беруді жаңарту технологиялары бар. Бұлардың – білім сапасын көтеруде тиімділігі зор, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы.
Bilim Media Group компаниясы 2011 жылы құрылған білім беруді дамытушы инновациялық компания. Компания өз дайын ресурстарын нарыққа 2014 жылдан бастап ұсына бастады. Бүгінде компанияның Bilim Land, iTest, Twig, iMektep сынды онлайн білім беру платформалары бар. Бұл төрт ресурс мұғалімдерге арналған көмекші құрал. 2017 жылдан бастап республиканың барлық мемлекеттік мектептері осы жүйеге қосылды. Сондай-ақ компания интернеті әлсіз немесе мүлде интернет жоқ ауылдарға көңіл бөліп, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіру мақсатында Bilim book компьютер-трансформерлерін ұсынуда. BilimBook – барлық жастағы оқушыларға арналған, мектеп бағдарламасына сай ресурстардан тұратын әмбебап құрылғы. Ол еліміздегі ең шалғай елдімекендерді мазмұны жаңарған оқыту материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылғының мазмұны Bilim Land, iTest, Twig, iMektep ресурстарын қамтыған. Биылғы жылы облысымызға құрылғының 612 дана жиынтығы алынып, 230 шағын жинақты мектептеріне жеткізілген.
– Бүгінгі заманда жаңа технологиялардың қарыштап дамуына байланысты білім беруге, білім беру жүйесін жаңғыртуға көп мән берілуде. Осы орайда Bilim Media Group компаниясы мұғалімдермен жұмысты қолға алып, әдістемелік қолдау көрсетуде жұмыстанып келеді. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды, Bilimland ресурстарын білім беру барысында қолдану, сабаққа кіріктіруді мұғалімдерге үйрету үшін ресурстық орталықтар ашуды бастадық. Бұған дейін, 2015 жылы – Астана қаласында, 2016 жылы – Алматыда, 2017 жылы – Шымкентте ресурстық орталық ашылған еді. Сол тізімге биыл Батыс Қазақстан облысы қосылды. Орталықтардың мақсаты – мұғалімдердің АКТ және Bilim Land ресурстарын сабақта тиімді пайдалануды үйрету, – дейді Bilim Media Group компаниясы клиенттермен жұмыс істеу департаментінің жетекшісі Гауһар Шүленбаева.

Кабинет толығымен компания есебінен техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған. 16 дербес компьютер, интерактивті тақта және сабаққа қажетті визуалды материалдар бар. Алдағы уақытта облыстың барлық мектептері үшін кесте белгіленіп, мұғалімдер аталмыш орталықта ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану бойынша біліктіліктерін арттырады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу