Ұлттық дәстүрге мән берді
Жуырда Президент алаңында БҚО іскер әйелдер кеңесі мен Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту мақсатында «Тойбастар-2025» этнофестивалі өтіп, оған БҚО әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев,көршілес Самара,Орынбор, және Атырау,Ақтау,Ақтөбе қалалары мен өңіріміздегі барлық аудандардан келген қолөнершілер қатысып, ұлттық тәтті өнімдері мен бұйымдарын жәрмеңкеге ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев, БҚО іскер әйелдер өкілдері жәрмеңкені аралап,жоғары бағасын берді. Сондай- ақ киіз үйдің ішінде тұсаукесер рәсімі өтіп, облыс басшысының орынбасары Қ.Меңдіғалиев кішкентай Әмір Алтановтың тұсауын кесті.Шарада ұлттық ойындар ойналып, қалалық мәдени ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен өнерпаздардың концерті болды. Сонымен қатар жергілікті сәнгерлер ұлттық киімнің бай тарихынан сән қойылымын ортаға шығып көрсетті.
«Жайық үні»
Соңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру