8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Наурыз 2019 1877 0
Қоғам

Әлібек СЕРҒАЛИЕВ: «Сәукеле киген Шырын шешініп жүр»

5 наурыз күні Орал қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысында ерекше көзге түскен жас ақындардың бірі Көкшетаудың ақыны Әлібек Серғалиев. Ол астаналық Жандарбек Бұлғақовпен айтысты. Әлібек ақын өз сөзін әлеуметтік мәселелерге бұрды. Жастардың жұмыспен қамтылуы, зейнеткерлік жайы, көп балалы аналардың қамы ұйқасынан табылды. Қос ақын да қоғамның тәрбиесі, ұлттың құндылықтарды ұлықтауға басымдық беріп, суырыпсалма сөз өнерінің  үлгісін көрсетті.  

«Айтыста ақиқатты айту керек.

Кезінде дұшпан бізге не істеді?

Калпактан бастап бізді бәрі қырды.

Сонда да қайсар қазақ беріспеді. 

32 аштықтан бір қырылдық.

41-де қырам деп неміс келді,

54-те жер жыртып, өгіз жекті

Одан кейін тағы да соғыс көрді.

Атамызды халық жауы деп қамады

Түбімізге жеткені орыс болды.

86 жылдары тағы да зорлық көрді. 

Бағымыз ол кезде де теріс келді

Қайрат пен Ләззаттарды қан қақсатып,

Кеңес Үкіметі зомбылық көп істеді. 

Әйтеуір ғасыр бойы көрген қорлық 

91-ге келгенде жеміс берді.

Қазақтың маңдайына сәуле шашып,

Қазақтың даласына жеңіс келді.

Бабаның арманына жеткені осы 

Бүтін елдің бақытпен бөліскені.

Әй, бірақ айтпайын десем тағы болмайд(ы).

Қасірет мазалап тұр мені іштегі. 

Бұл күнде намыссыздар бабалардың

Таудай-таудай арманын тегістеді.

Ал ағайын, тыңдасаң, мен айтайын

Мені бұлай сөйлеуге не күштеді?

Мен білетін қазақ түгіл қойдың өзі

Қозысын тастамаушы ед өрістегі.

Айтпақшы интернетте есіріп жүр

Сәукеле киген Шырын шешініп жүр.

Осыны ойлап, бойыма намыс келді.

Бұларды жөнге салар ерлер қайда?

Тай тұяқ, қасқыр мінез, барыс пе еді?

Ерлері сол құлағына сырға тағып,

Өзіне пір тұтып жүр кәрістерді. 

Ағайын, қатты кетсем кешіріңдер,

Бәлкім үндемегенім тыныш па еді?!

Ен даламнан ұяламын бабам жатқан,

Бабамнан ұяламын пейіштегі» – деді Әлібек ақын.

ОРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ БАСТАЛДЫ

ОРАЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
53 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
47 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
102 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
76 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»