8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қараша 2018 3082 0
Қалалықтар қаперіне

«ЛАТЫН» ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАП КӨРМЕСІ – ОРАЛДА

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы базасында Астананың 20 жылдығына арналған «Латын» жылжымалы экспедициялық көрмесі өткізіледі. 

«Латын» кітап көрмесінде 1929-1940 жж.аралығында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының сирек қорынан шығарылған қазақ тіліндегі 100-ден астам кітап ұсынылады. Көрме төрт бөлімнен тұрады. Онда оқулықтар, көркем, салалық, балалар әдебиеті мен мерзімді басылымдар көрсетіледі.

Көрмеге латын графикасындағы 100-ден астам кітап қойылады. Олардың ішінде «Әліппе», «Химия», «Алгебра», «Биология» және басқа да қажетті мектеп оқулықтары, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Сәкен Сейфуллин, Иса Байзақов, Өтебай Тұрманжанов және басқа да жазушылар мен ақындар, балаларға арналған ертегілер, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алпамыс» эпикалық поэмалары бар.

Көрмені Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қоры ұйымдастыруда.

Көрме 28 қараша күні Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында ашылып, 28 желтоқсанға дейін Батыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында жалғасады.

«Жайық үні»

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
92 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
185 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
224 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
263 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
342 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»