Келер жылдан үміт көп
Сондай-ақ ректор Нұрлан Серғалиев әр сала бойынша 2025 жылға арналған басым міндеттерге тоқталды.

– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында, ең әуелі, дүниежүзілік банк жобасы аясында әзірленген 30 білім беру бағдарламасын масштабтау міндеті тұр. Таяу және алыс шетел университеттерімен 2-ден кем емес қос дипломды, бірлескен ББ ашуымыз қажет. Қазіргі таңда қос дипломдық бағдарламалар тек Педагогика және жаратылыстану-география факультетінде (Әлеуметтік педагогика, биология Саратов Чернышевский университетімен бірге) жүзеге асырылуда. «Мамандығым – болашағым» жобасын жүзеге асыру, аймақтық кәсіптер атласын әзірлеу мәселесі де кезек күттірмейді. Жаңа, инновациялық білім беру бағдарламаларын жаңарту міндеті де қарастырылады. «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша лицензияға қосымшаны алу. Бұл бағытта жұмыс басталып кетті, өз кадрларымызды дайындап, сырттан оқу профиліне сәйкес келетін тәжірибелі мамандарды тарту қажет. Түлектерді кәсіби қолдау жүйесін дамыту (Upgrade) да маңызды. Біліктілік орталықтарын жүйелі түрде ұйымдастыру, бітірушілерді оқу кезінде де, оқуды аяқтағаннан кейін де кәсіби қолдау, кәсіби дамуға, жаңа дағдыларды, құзыреттіліктерді, микробіліктілікті меңгеруге, жұмысқа орналасуға, кәсіби, мансаптық өсуге жәрдемдесуіміз қажет. Сонымен қатар, инклюзивті білім берудің жаңа моделін енгізу жоспарлануда. Биылғы оқу жылында бізде ерекше білім қажет 54 студент бар. Біздің міндетіміз тек оқу кабинеттеріне, зертханаларға, оқу залдарына, асханаларға және т.б. физикалық қолжетімділік үшін жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар, жұмыс оқу жоспарларын (силлабустар), оқу материалдарын, оқыту технологияларын, бағалауды, бақылауды олардың мүмкіндіктеріне қарай бейімдейміз.
Цифрландыру саласында да тың істер көп. KPI жүйесін жоспарлаудың, орындаудың, бағалаудың және бақылаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып, педагогикалық ұжым мен қызметкерлердің тиімділігін бағалауға толық көшу керек. 2025 жылдан бастап педагог қызметкерлер мен қызметкерлердің қызметін нақты көрсеткіштерді орындау негізінде әрбір қызметкер қызметінің нәтижелеріне неғұрлым объективті түрде қарауға мүмкіндік беретін KPI электронды жүйесін пайдалана отырып бағалауға толық көшеміз. 1991 жылдан берi берiлген жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттарды 90% цифрландыруға қол жеткiземіз. Білім беру үдерісінде әлемдік цифрлық кітапханаларды пайдаланатын студенттердің кемінде 20%-ын оқыту жоспарлануда. 2023 жылы Coursera халықаралық білім беру платформасында 1060 студент (студенттердің 18%) тиісті сертификаттарды ала отырып оқыса, 2024 жылы 19%-дан астам студенттер оқуын аяқтайды. «Coursera» халықаралық онлайн білім беру платформасында орналастыру үшін кемінде 2 (екі) ЖАОК әзірлейміз. Педагогикалық ұжым мен қызметкерлерді оқу процесінде, ғылыми зерттеулерде және басқа салаларда жасанды интеллектті пайдалану негіздеріне оқыту мәселесі де қарастырылады. Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсетуде 95% деңгейіне жету. Университет жыл сайын 3 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Биылғы жылы қызметтердің 90%-ға жуығы электронды форматта көрсетілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 95%-дан кем болмауы тиіс, – деді Нұрлан Хабиболлаұлы.
«Студенттер шеберханасы» ашылып, мұражай жаңартылмақ
Ғылым саласы бойынша 2025-2027 жылдары ҚР ҰЭМ ТМҚК конкурсына CAIP жоғары сапалы өтінімді дайындау жоспарлануда. PhD EP лицензиясына қосымшаны алу, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитетінен гранттық қаржыландыру конкурстарына кемінде 24 өтінім беру, «Үздік ЖОО оқытушысы» конкурсына 12 оқытушыны мақсатты дайындау міндеттері бар. Халықаралық ынтымақтастық саласында инклюзивті білім беру туралы шарт жасасу (олигофренопедагогика, тифлопедагогика, логопедия, сурдопедагогика, ортопедия ): күндізгі бөлімдегі магистратура, инклюзивті білім беру және арнайы педагогика бойынша тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру, шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін «500 ғалым» байқауына 10 оқытушыны дайындау жоспарда тұр. 2022 жылдан бері «500-ғалым» жобасына қатысуға БҚУ-дан 30 өтінім түсіп, оның 10-ы мақұлданды. Қазіргі уақытта оқытушылар АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде, Ұлыбританияның Рединг университетінде, АҚШ-тың Оңтүстік Калифорния университетінде, Польшаның Экономика университетінде тағылымдамадан өтуде. Студенттер мен педагогикалық ұжымға итальян және ағылшын тілдерін оқытуды жалғастыру, Баку мемлекеттік университетімен аспаптық орындау бойынша қос дипломдық бағдарламаны жүзеге асыруға дайындық қарастырылуы керек.
Университеттің жастар саясаты және әлеуметтік миссиясы саласы бойынша 2025 жылға арналған міндеттерге тоқталсақ, жан-жақты дамып, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін «Студенттердің шеберханасы» орталығы ашылмақ. Мұнда жастар қаржылық сауаттылық, заңгерлік кеңес, IT, SMM, мобилография, қолөнер, бизнес негіздері және т.б. сияқты заманауи дағдыларды меңгере алады. «Университет мұражайын» жаңарту және Батыс өңіріндегі этностардың тарихын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін «Этномузейді» құру, «Күміс университет» жобасын іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.
Шығармашылық пен ғылымға арналған орталықтар
Нұрлан Хабиболлаұлының айтуынша, университеттің инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуға көп көңіл бөлінеді. 2023 жылы 600 орындық жаңа студенттік жатақхана пайдалануға беріліп, төсек-орындар саны 1626-ға дейін ұлғайды. Студенттердің жатақханадағы орынмен қамтамасыз етілуі 100% (2022 жылы бұл көрсеткіш 80%). 2025 жылы Чапаев – 18 мекенжайындағы ғимаратты қайта құру жоспарлануда. Жалпы ауданы 2058,8 шаршы метрді құрайтын бұл жерде шығармашылық шеберлік орталығы құрылмақ. Бұл ғимараттахореографиялық және концерттік залдар, сәндік-қолданбалы өнер, инклюзивті білім беру және ұстаздық шеберлік кабинеттері жұмыс істейтін болады. 2025-2027 жылдар аралығында академиялық шеберлік орталығы жасақталмақ. Бұл жоба БҚУ қызметінің білім беру, ғылыми және әлеуметтік аспектілерін қамтиды. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және білім беруді цифрландыру және облыс экономикасымен байланысты 4 зертхана мен 2 орталық ашу жоспарлануда: географиялық ақпараттық жүйелер зертханасы; палеоландшафтарды экологиялық реконструкциялау зертханасы, гидробионттар, биоэкология зертханалары, орнитология және герпетология орталығы, молекулярлық-генетикалық зерттеулер орталығы. Орталықтың ашылуы ғылыми-зерттеуэкожүйесін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.
– Біз үнемі инновацияға ұмтыламыз, ал басты мақсатымыз – барлық білім беру үдерісіне қатысушылар үшін жайлы және өнімді орта құру. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз жаңа биіктерге жете аламыз, – деді ректор өз сөзінде. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деп Ахмед Иүгінеки айтпақшы, адам өміріндегі «өмірлік білімнің» ордасына айналған жоғары оқу орнының заманға сай, білім мен мүмкіндікке бай болуы ауадай қажет. Бүгінде 92 жылдық тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті осы жылды жемісті аяқтап, келер жылға үкілі үмітпен қадам баспақ.
Дәметкен САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру