Кадрлық тағайындау

Бүгін Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Нұржанов Мирболат Сағынғалиұлы тағайындалды.
Мирболат Сағынғалиұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Первомай ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, ғылыми дәрежесі – магистр. 2003 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих және география пәндерінің мұғалімі, 2008 жылы Еуразия академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдаған.
2019-2021 жж. халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен «Стратклайд» университетінде (Ұлыбритания) «жобаларды басқару және инновация» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2003 жылы Серебряков негізгі мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Кейін әр жылдары түрлі салаларда жұмыс істеген:
2004-2011 жж. – «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары, төрағасы;
2009-2010 жж. – «Еңбек TRAINING» ЖШС-нің директоры;
2010-2011 жж. – «Орал Холдинг НСК» ЖШС-нің директоры;
2011-2012 жж. – БҚО Бөрлі ауданы әкімінің көмекшісі;
2012 жылы – Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жж. – Орал қаласы әкімінің кеңесшісі;
2013-2016 жж. – Орал қаласы, Круглоозерный кентінің әкімі;
2017-2023 жж. – Орал қаласы әкімінің орынбасары.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру