8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2024 2839 0
Қалалықтар қаперіне

Кадрлық тағайындау

Орал қаласы әкімінің өкімімен Ғұбашев Арсен Зиннатұлы Орал қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Ғұбашев Арсен Зиннатұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «қазақ тілі және әдебиеті» және «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Ақжайық» ФК АҚ-ның баспасөз хатшысы қызметінен бастады.
Әр жылдары:
– Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері;
– ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-мониторинг басқармасы аймақтық БАҚ мониторинг бөлімінің БҚО бойынша сарапшысы;
– ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-мониторинг басқармасы аймақтық БАҚ мониторинг бөлімінің БҚО бойынша жетекші сарапшысы;
– Орал қаласы әкімі аппаратының бас маманы;
– Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметінің басшысы болып еңбек етті.
2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ғұбашев Арсен Зиннатұлы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік ететін болады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
94 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
187 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
226 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
265 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
344 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»