8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2019 2487 0
Өзек

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

10 қаңтар күні Орал қалалық әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі мен  полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабын аяққа таптап, абаттандыру ісінде салғырттық танытып жүрген кәсіпкерлердің жолын кесу үшін арнайы рейдке шықты. Шараның мақсаты – өзіне тиесілі аумақта қар жинамаған кәсіпкерлермен күресу, ескерту жасау, ескертуден қорытынды шығармаса әкімшілік хаттама толтырып айыппұл салу.

Облыс орталығында кәсібін дөңгелетіп бірнеше адамға жұмыс орынын ұсынып отырған кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Олардың жұмыс жасауына мемлекет мүмкіндік жасағанымен кәсіпкерлердің де жауапкершілігі мол. Бірінші кезекте, бизнес субьектілері қаланың абаттандырылуына үлес қосып,  өз аумақтарын қардан тазалауға міндетті. Қарды арнайы полигонға жеткізуі тиіс. Сала мамандары бұған дейін ақ ұлпаны жинамаған бизнес субектілеріне ескерту берілгендігін айтып отыр. Осы күнгі рейд барысында тәуліктің алғашқы жартысында Шолохов көшесі бойындағы 5 ірі нысан иесіне ескерту жасалып, кешке қарай ескертуден қорытынды шығармаған 2 кәсіпкерлік иесіне айыппұл салынды.

Қарды тазаламаған кәсіпкерлермен күрес алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
235 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
268 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»