8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Шілде 2023 1113 0
Құттықтаймыз!

Көпфункционалды спорт кешенінің капсуласын орналастырудың салтанатты ашылуы болды


Бүгін, шілденің 27-сі күні көпфункционалды спорт нысанының іргетасы қаланды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев: – Батыс Қазақстан облысының 9 ауданында спорт кешені салынып бітті. Енді қалған 4 ауданда алдағы уақытта спорт кешенін салу жоспарлануда. Бұл, біріншіден болашақ спортшыларды дайындауға мүмкіндік береді. Екіншіден, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай туғызады. Өңірімізден 33 әлем, 487 Қазақстан чемпионы шықты. Наурыз айында облысымызға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келгенде, «ҚазМұнайГаз ҰҚ» компаниясының бас директоры Мағзом Мырзағалиевке спорт кешенін салу қажет деген тапсырма берген болатын. Осы аталмыш спорт кешенінің капсуласын орналастырудың салтанатты рәсіміне қош келдіңіздер! – деді.

Бұдан кейін сөйлеген «ҚазМұнайГаз ҰҚ» компаниясының бас директоры Мағзом Маратұлы сөз алып, осы уақытқа дейін аталмыш компанияның қайырымдылыққа 13млд теңге, өңірдің әлеуметтік дамуына 12 млд теңге қаражат жұмсағанын, бұл қаражатқа қаланың көрікті жерлері көркейтілгенін айтып берді. – Салынғалы отырған спорт кешені сәтті басталып, болашақ спортшылардың қажетіне пайдалансын! Барлығыңызға сәттілік тілеймін,-деді Мағзом Мырзағалиев. Содан соң облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен «ҚазМұнайГаз» компаниясының бас директоры Мағзом Мырзағалиев нысанның алғашқы іргетасын ресми түрде қалады.

Гүлжан АЯЗБАЕВА,

фотоларды түсірген автор

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
269 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
284 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»