8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Мамыр 2024 3116 0
Қалалықтар қаперіне

Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды.


Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облыстық құрылыс басқармасы мен аудан әкімдеріне су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынатын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды.

«Зардап шеккен тұрғындарға салынатын тұрғын үйлерді уақытында аяқтау жөніндегі Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасы бар. Сондықтан құрылыс жұмыстарын жеделдету қажет. Сырым, Бөрлі, Қаратөбе, Теректі аудандарында құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс басқармасы мен аудандардың әкімдеріне барлық жұмыстарды уақытылы аяқтап, тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырамын»- деп атап өтті облыс әкімі.

Аудандарда құрылған арнайы комиссиялар су тасқыны шығындарын анықтау бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуде.

Қазіргі уақытта жаңа тұрғын үйлер салу үшін жер учаскелері белгіленді. Мердігер компаниялар анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Құрылыс жұмыстарын бақылау облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, салаға жауапты орынбасарына тапсырылды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»