8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Мамыр 2026 63 0
Заң және тәртіп

ЭТТД ескертеді: Қазақстанда вейптерді әкелуге және сатуға тыйым салынған және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді әкелуге, өндіруге, өткізу мақсатында сақтауға және сатуға толық тыйым салынғанын ескертеді.

Енгізілген тыйымға қарамастан, аталған өнімдерді заңсыз әкелу және тарату әрекеттері, соның ішінде мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылу фактілері тіркелуде. Мұндай әрекеттер заңға қайшы, және құқық қорғау органдарымен жолы кесілуде.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заң бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салу, өнімді тәркілеу, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

Департамент тарапынан вейптерді жеткізу арналары мен заңсыз сауданы анықтау және жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

«Кибернадзор» жүйесі арқылы электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және ілеспе тауарларды жарнамалап, таратқан 20 Telegram-арна бұғатталды.

Сонымен қатар, биыл РФ-дағы интернет-дүкен арқылы 50 электрондық тұтыну жүйесіне (вейпке) тапсырыс беріп, оларды логистикалық фирманың қызметін пайдалана отырып Қазақстанға әкелмек болған азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Алайда, логистикалық компанияның қызметкерлерімен тауарды әкелу барысында жолданымды шекаралық бақылау қызметкерлерімен ұстап, тоқтатылған.

Тергеу барысында азамат өз кінәсін мойындап, сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылған.

Вейптердің заңсыз айналымы көбіне көлеңкелі секторда, салық төлемей жүзеге асырылады, бұл мемлекет экономикасына зиян келтіретінін айта кету жөн.

Құқықтық салдардан бөлек, вейптер азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың денсаулығына елеулі қауіп төндіреді, никотинге тәуелділіктің қалыптасуына және ағзаға кері әсер етуіне ықпал етеді.

ЭТТД азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін заң талаптарын қатаң сақтауға және тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымына қатысудан бас тартуға шақырады.

Вейптерді сату немесе тарату фактілері анықталған жағдайда, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.

Заңды бұзу міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Халықаралық әуе рейстерінің саны артады
20 Мамыр 2026
80 0
Өңір жаңалықтары
№18А кәріз-сорғы стансасы іске қосылды
19 Мамыр 2026
129 0
Қалалықтар қаперіне
Өңірде шомылуға рұқсат етілген 34 орын белгіленді
19 Мамыр 2026
301 0
Өңір жаңалықтары
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
17 Мамыр 2026
156 0
Без рубрики
PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
16 Мамыр 2026
183 0
Қалалықтар қаперіне
Автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
16 Мамыр 2026
172 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»