8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қараша 2023 3128 0
Қоғам

Әйелдер тағдыры – партия назарында


Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Достық үйінде әйелдер активі өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Кариновамен қатар, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты. Жайық өңірінің бірқатар нәзік жандыларының басын қосқан шараны өңірдегі «AMANAT» партиясының БҚОФ Атқарушы хатшысы  Азамат Сафмалиев ашып жүргізді.

Облыс көлеміндегі 692 мың халықтың 51%-ын әйелдер құрайды екен. Оның ішінде түрлі саланы меңгерген қызметкер, басшы, көпбалалы, алтын медаль иегерлері де бар. Мысалы: өңірде 12 мыңға жуық көпбалалы отбасылар тіркелген болса, оның 6800-і «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» батыр аналар. Одан өзге, 58 474 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болса, оның 51% басшылық жасап жатырған әйел азаматтар. Яғни, Батыс Қазақстан облысында жұмыс жасайтын әрбір екінші кәсіпкер, әйел азаматы екен.

Тікелей партияға қатысты саяси мәселелерге қатысты қарастыратын болсақ та, «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша 17 мың әйел партия мүшесі. Бұл да елдің дамуына әйелдердің үлесі зор деген сөз. Жиында «Өрлеу» БҚО филиалының директоры, БҚО мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі София Ізмұхамбетова, алғашқы медициналық санитарлық көмек бойынша БҚО үйлестірушісі, партия ардагері Кашура Әжіғұлова, кәсіпкер, «Нұртана» ЖШС басшысы, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы Кенжегалиева Нұргүл, балетмейстер, «ККК» өнерорталығының директоры, көпбалалы ана Қарылғаш Қадырбековалар өз жұмыстары туралы мәлімдеме жасады.

Шарада инклюзивті мәдениет пен гендерлік теңдік қалыптастыру – «AMANAT» партиясының көтерген басымдықтарының бірі екені айтылды. Әр қазақ әйелінің қоғамдағы мәртебесін көтеруде партия жанынан құрылған әйелдер қанатының маңызына тоқталғандар ойларын ортаға салды.

Облыс бойынша әйелдер қанатының төрағасы болып «AMANAT» партиясы БҚОФ қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі – Гаухар Шайхиниязова тағайындалды.

Өз тілшіміз

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
101 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
191 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
230 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
269 0
Қалалықтар қаперіне
Ыстық сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады
07 Маусым 2026
348 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»