8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қаңтар 2026 759 0
Өзек

ІІМ: 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді

Полиция 2025 жылы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жалпы саны 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраудың жолы кесілді. Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалса, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті call-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұнан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды. Киберқылмысқа қарсы күрес – Ішкі істер министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Азаматтарды цифрлық кеңістікте қорғау мақсатында полиция кешенді жұмыстар жүргізуде. Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі профилактикалық шаралар атқарылуда. Интернеттің дамуына байланысты «дәстүрлі» қылмыс түрлері онлайн-кеңістікке ауысып, олардың жаңа формалары пайда болды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-85-millionnan-astam-alayaqtyq-qongyraudyng-zholy-kesildi/

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
86 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
65 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
77 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»