Х.БӨКЕЕВА ТЕАТРЫ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛДЫ
Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Жанат Хаджиев атындағы ІІІ халықаралық театрлар фестивалінде «Қазылар алқасының арнайы сыйлығына» ие болды.

15-19 қазан аралығында Қарағандының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының ұйымдастыруыменЖанат Хаджиев атындағы ІІІ Халықаралық театрлар фестивалі өтті. Фестивальге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Семейдің Абай атындағы Мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театры, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Қырғызстан Республикасының А.Умиралиев атындағы Бішкек драма театры, Өзбекстан Республикасының «Турон» Мемлекеттік театр студиясы, Тәжікстан Республикасының М.Вохидов атындағы Тәжікстан Мемлекеттік жастар театры қатысып, қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Қатысушылардың өнеріне Астана Жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай бастаған театр тарландары мен сыншылары баға берді. Қазылардың шешімімен Х. Мюллердің «Филоктет-Медея» спектаклімен Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұжымы «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» номинациясына лайық деп танылған.
Атап өту керек, қыркүйек айында Х.Бөкеева атындағы облыстық театр Қырғызстанның Ош қаласында өткен VII халықаралық ″ART-ORDO – 2019″ театр фестиваліне «Арманым-Әселім» спектаклімен қатысып, бірнеше жүлдеге қол жеткізген болатын. Нақтырақ айтқанда, спектакльдің режиссері Талғат Теменовке «Алтын Жетіген» статуэткасы табыс етілді. Ұжым ТURKSOY халықаралық мәдениет орталығының арнайы жүлдесіне ие болды. Үздік әйел образы бойынша екінші пландағы номинацияны Наргиза Шадыева иеленді. Мұнымен қоса театр «Ел алғысы» дипломымен, Ош шахарының мэрінің алғыс хатымен, министр А.К. Жаманқұловтың арнайы сыйлығымен марапатталған еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу