«ГРАЦИЯ-KZ» АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ
Батысқазақстандық «Грация-KZ» волейбол командасы Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатында алтын медаль алды. Сүйінші хабарды БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.
Жоғары лигадағы әйелдер құрамасы арасындағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХІХ чемпионатының V туры 14-20 сәуір аралығында Тараз қаласында өтіп, бүгін тәмамдалды.
Барлық 5 турда батысқазақстандық волейболшылар қатысушы командалар арасында жетекші орынға ие бола отырып, жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті.
«Ұлттық чемпионаттағы жарқын жеңіс, чемпиондар атағы – бұл команданың алғашқы жеңісті жетістігі.
Республикалық деңгейдегі жарыстарға команданы дайындағаны үшін жаттықтырушылары Нұрсұлу Губашеваға, Әсел Губашеваға, Айнұр Губашеваға, Айна Губашеваға үлкен алғысымызды білдіреміз» – деді БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Ринат Дүйсенов.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан спортының тарихында бірінші рет «Грация-KZ» волейбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

Пікір үстеу