ЕЛОРДА ЖАСТАРЫ АҚ ЖАЙЫҚТА!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ–дың студент жастарынан арнайы жасақталған топ «Менің Елім» атты тарихи-өлкетанымдық жобасы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне келді.

Жобаның мақсаты – университеттегі білім алушылар арасында еліміздің көрікті жерлері мен тарихи мұрасын дәріптей отырып, патриоттық тәрбие беруді нығайту; білім алушыларды отансүйгіштікке, өлкетануға, тарихи мұраны дәріптеуге баулу; студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту; студент жастар арасындағы белсенділікті арттыру құрылғысын жасақтау; университеттің ел және елорда дамуына қосар үлесін арттыру және т.б.
Университет ұжымы құрметпен қарсы алған салтанатты жиында сөз алған университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, студент жастарға университет ұжымының атынан тілегін жолдады: «Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауының басты жаңалығының бірі де – келер жылдың «Жастар жылы» боп жарияланатындығы. Елбасы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламаларында жастардың мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Мәңгілік елдің болашағы – білімді жастар болса, ол әрине, сіздерсіздер. Ел білімді ұрпағымен мәңгілік жасайды. «Жастың қуаты – білімі мен білігінде, бірлігі мен патриоттығында. Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу» деп Елбасы айтып өткендей, сіздер де Ұлы даланың патриоты боп, алған білімдеріңді ел игілігіне жұмсап, өздерің білім алған оқу орнының, Қазақ елінің мерейін асқақтатып, биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін».\

Елордалық студент жастар «Рухани жаңғыру» облыстық мұражайы мен тарихи-өлкетану мұражайымен танысып, Махамбет университетінде болды. Ақ Жайық өңіріндегі білімнің қара шаңырағы Махамбет университетіне елін, жерін сүйетін, елжанды, отаншыл, ұлтжанды жастардың келіп, Ақ Жайық өңірінің терең тарихымен, өлке мұраларымен танысып, өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, ой бөлісіп, тәжірибе алмасуы ел жастарына үлгі боларлық бастама деп білеміз.
Рита Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
суретке түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу