Еліміздің өнеркәсіптік негізін құру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру: өңдеу өнеркәсібі 2025 жылы 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты
Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің өнеркәсіптік берік іргетасын құру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға және өңдеуші саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев индустрияландыру нәтижелері өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсуін көрсетіп отырғанын атап өтті.
«Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 6,1%-ға өсті, ал өнім өндіру көлемі 16 трлн теңгеден асты. Бұл жерде экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,9%-ға дейін артқанын атап өткім келеді»,
— деді министр.
Отандық өндірістің өсуін ынталандыру мақсатында қаржылық қолдау құралдары пайдаланылуда.
«Біз жергілікті, отандық өндірушілердің өсуін ынталандыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз: өңдеу өнеркәсібінің 115 жобасын қолдауға 500 млрд теңге бөлінді. Бұл «Бәйтерек» холдингі сияқты даму институттары арқылы жүзеге асырылды»,
— деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық берілді: 2025 жылдың 7 айында сатып алу көлемі 1,5 есеге өсіп, жалпы құны 1,2 трлн теңгеден асты.
Тағы бір маңызды қолдау құралы – қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі, ол сатып алудың ашықтығын арттырып, жалған өндірушілерді жоюға мүмкіндік береді. Оның іске қосылуы осы жылдың күзіне жоспарланған.
@KZgovernment
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі «Кублей» ет өңдеу кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып сайланды
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Робот-собака, Тәртіпбек и Тазабек на «BaiQymyz–2026»: акцию «Закон и порядок» провели на гастрофесте в Астане
Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Кіру