ЕКІ КҮНДЕ ҮШ БАЛА СУҒА КЕТТІ
Батыс Қазақстан облысында екі күн ішінде үш жасөспірім суда көз жұмды. Бұл туралы БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.

Атап айтқанда, 10 шілде күні сағат 21.19-да Қаратөбе ауданы Жалпақтал ауылы маңайында орналасқан Қараөзен өзенінде жергілікті тұрғындар сол күні сағат 21.00-де рұқсат етілмеген жерде суға шомылып, салдарынан суға батып кеткен 2013 жылы туған баланың денесін тауып, судан алып шықты.
11 шілде күні сағат 16.12-де Орал қаласы Жайық өзені Елизаров көшесі бойында суға шомылуға тыйым салынған белгісі орнатылған, яғни суға түсуге тыйым салынған орында 2 бала суға батып кеткен. Олар – 2008 жылғы ұл бала мен 2006 жылы туған қыз бала. Сағат 16.52-де БҚО ТЖД «ЖҚЖ» ММ-нің 8 қызметкері, 2 жүзу құралы және 2 бірлік техникасы қыз баланың денесін тауып судан алып шықты. Сағат 18.55-те ұл баланың денесі табылды.
Облыста судағы өлім стастикасы да азаймай тұр. Төтеншеліктердің мәліметінше, 2019 жылдың суға шомылу маусымы басталған уақыттан бері 24 адам суға батып кеткен, соның жетеуі бала. Өткен 10 жылдың ішінде 270-тен астам адам суға кетсе, соның 70-тен астам балалар.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу