8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2022 1645 0
Мезгіл мәселесі

ДЕПУТАТТАР ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗГЕ КӨМЕК ЖІБЕРДІ

Қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеген  «AMANAT» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты     Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы және  ЖШС «КА-Строй» мекемесінің бас директоры Қисенбаев Серік Есенкелдіұлы екеуі бірігіп, Қаратөбе ауданының Шалғын ауына және Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылдарына гуманитарлық көмек жіберді.
Көмек құны 2 млн теңге. Яғни, 200 қап ұн (5 тонна), 402 дана макарон өнімдері (2 тонна,10кг),  408 л күнбағыс майы және 200 бума шәй.
Аталған көмек екі бірдей жүк көліктеріне тиеліп, аудандарға жеткізілді.
Сонымен қатар, ізгі бастамаға ат салысқан  облыстық және қалалық мәслихат депутаттары  Жәкібаев Мұрат Орынбайұлы – 80 қап ұн (4 тонна), 408 л күнбағыс майын, Рубцов Аркадий Анатольевич- 2 тонна картоп және  Орал қалалық мәслихат депутаты  Ашықова Нұргүл Әжібайқызы – 1 тонна картоп гуманитарлық көмек ретінде қолдау көрсетті.

Күшіміз бірлікте екенін ұмытпаған халық қалаулылары жерлестерімізге осылайша жақсылық жасауда. Бұл игі шараның әлі де жалғасатынына сенімдіміз.

Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА,

Суреттер депутаттар архивінен алынды. 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
315 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
337 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
318 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
358 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»