ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының қолдауымен Кәсіподақтар үйінде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысты.
Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization, ILO) бастамасымен дүние жүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аталып өтеді. Бұл ақпараттық-түсіндіру компаниясы еңбекті қорғау саласындағы мәселелер мен еңбек қызметіне байланысты жарақаттардың, аурулар мен жазатайым жағдайлардың артуына қоғам назарын аударуға арналады.
Дөңгелек үстел отырысында Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бөлім басшысы А.Лукпанов, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Б.Мубараков, ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің БҚО бойынша аумақтық департаментінің маманы Н.Утеуов, Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау ардагері С.Даулетжанов тақырыптық баяндама жасап, қазіргі таңда облыста еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, өндірістік жарақаттар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат берді. Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, қажетті мағлұмат алып, бірлескен іс-шаралар жүргізілетін болды.
Іс-шара соңында Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығының атынан төрайым орынбасары Б. Атауов бастауыш кәсіподақ ұйымдарының техникалық инспекторларына еңбекті қорғау күні қарсаңында алғыс хаттар табыстады.
Батыс Қазақстан Кәсіподақтар орталығы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру

Пікір үстеу