8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2024 7673 0
Қоғам

Бюджет нақтыланды

Бүгін, қарашаның 6-сы күні қалалық әкімдіктің үлкен залында қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп,екі мәселе талқыланды.


Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Атауов жүргізген жиында екі мәселе қаралды.Бірінші мәселе 2024-2028 жылдары Орал қаласында коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілі Миржан Шамұратов таныстырып, абаттандырылған сектордың жеке тұлғаларға арналған тарифы -496,07 теңге, абаттандырылмаған сектордікі – 505,84 теңге екенін айтты.

Сонымен қатар, бағдарламаның міндеті және нысаналы көрсеткіші жөнінде тоқталды. Өз кезегінде қалалық экономикалық бөлімінің басшысы Азамат Қадыров Орал шаһарының және кенттердің 2024 жылға арналған бюджеттерін нақтылауын кеңес мүшелерінен сұрады.

Жиынның соңында қала әкімі аппаратының басшысы Алтай Құлқаев қаралған мәселелер бойынша мониторинг жүргізіліп,қарастырылатынын жеткізсе,кеңес мүшелері сөйлеушілерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауап берілді.

Гүлім НҰРҚАТ

Бұл туралы газетіміздің келесі санынан оқисыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»