8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Мамыр 2021 2283 0
Өзек

БІР АПТАДА 140 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысының аумағында 140 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстың 94-і ашылды. Ашылу деңгейі 67,1 пайызды құрады. Бұл статистикалық деректерді БҚО Полиция департаментінің бастығы М.Аблазимов әлеуметтік  желідегі парақшасында жария етті. 

Тіркелген қылмсытардың 18-і ауыр санаттағы қылмыстар. Оның оны, яғни 55 пайызы ашылған. 

  – Аталған қылмыстың түрлері бойынша денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру – 3, тонау – 3, айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы – 2, қаруды, оқ-дәрілерді, жарлығыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – 7, бұзақылық – 6, есірткі заттарын сату мақсатынсыз заңсыз сақтаудың – 6, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу – 9 факті тіркелді. Фактілердің барлығы дерлік ашылды, – деп жазды  Махсудхан Аблазимов. 

Сонымен қатар жалпы бөтен мүлікті ұрлаудың 42 фактісі тіркелген. Оның 16-сы, 38,1 пайызы  кезекші тәулікте ашылды. Ашылмаған барлық қылмыстар бойынша оларды ашуға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Сондай-ақ ағымдағы жылдың басынан арнайы іс-шараларды жүзеге асыру барысында бұрын жасалған 510 қылмыс ашылды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
86 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
65 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
77 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
147 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»