Біліктілігі жоғары мамандар даярланады
Еңбек нарығына сұранысқа ие мамандарды дайындауда инженерлік-педагогикалық кадрлардың құзыреттілігін қалыптастыру және кәсіби дағдыларын дамыту маңызды. Осы орайда «Кәсіпқор» холдингі ағымдағы жылдың мамыр-қарашасы аралығында республикадағы 5 200 педагог оқытушыны біліктілікті арттыру курстарынан өткізді. Үш деңгейлі курстан Батыс Қазақстан облысы бойынша 228 педагог біліктіліктерін жетілдіріп, сертификаттарын алды.

«Кәсіпқор» холдингі 2011 жылы Елбасы тапсырмасымен жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру мақсатымен құрылған. Холдинг кәсіптік білім беру жүйесін дамытуды төрт бағытта жүргізіп келеді. Бірінші – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту, екінші –оқыту сапасын арттыру, үшінші – техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі мен мәртебесін арттыру, төртінші – сұранысқа ие және инновациялық бағыттар бойынша жұмыс атқарып жатқан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамыту. Холдингтің кәсіби білім беру орталығының бас тренері Дина Түменбаева атап өткендей, алғаш құрылған уақыттан бері «Кәсіпқор» республиканың әр түкпірінде заманауи біліктілігі мен дағдысы бар жоғарғы дәрежелі мамандарды дайындау үшін оқытушыларға түрлі бағыттағы курстар ұйымдастырып келеді.
– Кәсіптік білім беру орталығы жұмыс режимін әр аймақтан штаттан тыс тренерлер тарту арқылы ұйымдастырып отыр. Батыс Қазақстан өңірі бойынша оқытудан өткен сертификаттары бар 11 тренеріміз бар. Олар – кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын оқытушылар. Өңірге келіп сабақ өткізуіміз үшін алдын ала ішкі мәселелерді жете білуіміз керек. Штаттан тыс тренерлер осы бағытта бізге көмек көрсетеді. Кәсіптік білім беру орталығы біліктілікті арттыру курстары үшін 20 білім беру бағдарламасын әзірледі. Бұл министрліктің бұйрығымен бекітілген. Солардың ішінен Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы өңірдегі инженер-педагогтар үшін қажетті 11 тақырыпты таңдады. Үш кезеңді курстар сол тақырыптар бойынша жүргізілді, – дейді Дина Темірланқызы
2016 жылы облысымыздың 122 инженер-педагогы біліктілік курстарынан өтсе, 2017 жылы 228 қызметкер біліктіліктерін арттырған. Биыл колледж басшылары мен оқытушылардан 228 маман қатысып, ағылшын тілінде арнайы пәндерді өткізу, кіріктірілген білім беру бағдарламасы, «world skills» чемпионаттарын ұйымдастыру және басқа да өзекті тақырыптар бойынша курстан өтті.
Облыстық білім басқармасы техникалық кәсіптік білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сағындық Жұмагереев инженер-педагог кадрлардың біліктіліктерін арттырудың бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы маңыздылығы туралы айтып, өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру үдерісінде модульдік құзыреттілік тәсілдерін қолдану жалғасатынын жеткізді.
– Экономиканың қарқынды жаңғыруы біліктілігі мен дағдысы бар жоғарғы дәрежелі мамандарға сұраныс тудырды. Қажетті құзіреттілікке үйретуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары үшін қайта даярлау курстары маңызды. Бұл курстар арқылы инженер-педагогтар заманауи талаптарға сәйкес жаңа технологияларға, инновациялық тәсілдерге үйренеді. Облыс бойынша 24 колледж модульдік технологиямен жұмыстануда. Екі колледж бакалавр бағдарламасын енгізуді эксперимент түрінде жүргізуде. Арнайы пән сабақтары Skills әдістемесі бойынша ағылшын тілін кіріктіру арқылы өткізілуде. Педагогтар үшін курстарды өткізу студенттерге сапалы білім беруде нәтижелі болады деп есептейміз, – дейді Сағындық Меңдібайұлы.
Соңғы жылдары өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және алға қойған міндеттерге қол жеткізу үшін «Кәсіпқор» холдингімен тығыз байланыс орнатылып, тәжірибесі пайдаланылуда. Осы орайда Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі холдингтің серіктесі ретінде жұмыс жасауда. Яғни, «Кәсіпқор» холдингі тарапынан дайындалған барлық жаңашылдық алдымен осы колледжге енгізіліп, кейін басқа ұйымдарға таратылады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу