БЕКЕТТЕГІ КЕПТЕЛІС
Қазақстан мен Ресей аралығындағы «Сырым» өткізу бекетінде көліктердің ұзын-сонар кезегі пайда болған. Тіптен кейбір жүк көліктерінің шекарадан өтуге кезекке тұрғандарына тәуліктен аса уақыт өтіпті. Бұл қиындық 22 қазаннан мемлекеттік шекарада экспорттық бақылау жүргізу енгізілуінен басталған. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторингтік топ өкілдері бұл арада сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. «Сырым» шекара бекетінде қалыптасқан ахуал 29 қазан күні ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» ҰКП облыстық филиалы және басқа да сала мамандарымен, мониторингтік топ өкілдерінің қатысуымен талқыланды.

– Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі барлық жағдай бірдей. Экспорттық бақылаудың енгізілуіне байланысты бекетте көліктерді өткізу уақыты ұзарып отыр. Сәйкесінше, кезек ұлғайып, азаматтардың наразылығын туындатуда. Бұл жағдай тікелей кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етері хақ Соңғы аптада, яғни 22-29 қазан аралығында «Сырым» бекетінен алдыңғы аптамен салыстырғанда 500 жүк көлігі кем жіберілген. 500 жүк көлігінде 10 мың немесе одан да жоғары тонна тауар болуы кәміл. Бұл – бір. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар деп топшылаймыз. Тауарларын өткізуде базаға тіркемес үшін кәсіпкерлердің өздері шекарашыларға ақша ұсынуы мүмкін. Мәселе бар, оны шешу қажет. Біз өз қателігімізді мойындаудан қашпауымыз керек. Азаматтар мен бизнес зардап шекпеуі тиіс, – деді басқосуды ашқан республикалық мониторингтік топ мүшесі, қоғам белсендісі Алдан Менкеев.
22 қазаннан бастап ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті және ҚР ҰҚК шекаралық қызметі басшылығының бірлескен бұйрығына сәйкес мемлекеттік шекарада экспорттық бақылау жүргізілуде. Экспорттық бақылаудың жүргізілу барысы туралы ҚР ҚМ МКК облыстық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Алмас Әбдіжаппаров түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, экспорттық бақылау мониторинг түрінде жүргізілуде. Яғни бір ғана құжат – тауар-көлік жүкқұжаты сканерленеді. Оған 2-3 минут қана уақыт кетеді.
– Экспорттық бақылау Қазақстан мен Ресей шекарасындағы алты бекетте де жүргізілуде. Тек «Сырым» бекетінде ғана келеңсіздіктер пайда болып отыр. Бұл жағдай өткен жылы да болған. Демек, маусымдық сипаттамасы бар деп түсінген жөн. Экспорттық бақылау жаңадан енгізілген жүйе. Сондықтан келеңсіздіктер болуы қалыпты. Қалыптасқан жағдай бойынша шекара қызметі мен мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметкерлері мониторингтің уақытын азайту үшін тиісті шараларды қолға алуда. Біз бизнеске кедергі келтірмей, бекеттен тез өтуге жағдай жасау үшін жұмыстанатын боламыз, – деді Алмас Әбдімүтәліпұлы. Департамент басшысының айтуынша, Қазақстан тарапынан және бейтарап аймақта көлік кезегі аса көп емес, жүк көліктерінің жаппай толқыны Ресей жағында.
2029 әскери бөлімі шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Сақбосынов та «Сырым» өткізу бекетіндегі бақылауда шекара және экспорттық бақылау қызметкерлері тарапынан іркіліс жоқ екенін айтты. Ал бекеттен жүк көлігін өткізу деңгейінің төмендеуіне басқа да жағдайлар әсер етуі мүмкін.
– Кезектің артуын, азаматтардың шағымдарын бекеттен өтетін жүк ағынының өткен жылмен салыстырғанда артуымен түсіндіруге болады. Қазір «Сырым» бекеті арқылы тәулігіне 800-900 тауар тиеген жүк көлігі шекара сызығын кесіп өтеді. Сондай-ақ жүргізілген талдау бойынша өткен аптамен салыстырғанда 22-29 қазан аралығында экспорттық бақылауға байланысты кей жағдайларда бекеттің өткізу қабілеттілігі төмендеді. Бұған әр түрлі себеп бар: бір жүк тиеген бір жүк көлігі өтеді. Бұл жағдайда экспорттық бақылау мамандарының мониторинг жүргізуі үшін аз уақыт кетеді. Бірнеше жүкті тиеген жүк көліктері де өтуі мүмкін. Оларға мониторингтік жұмыстарды жүргізу үшін қосымша уақыт қажет. Осындай жүк ағынының көбеюіне байланысты кептеліс туындауда. Жұмыста іркіліс жоқ. Мониторингтеу бекітілген уақыт көрсеткішіне сай жүруде. Қосымша тексеру, зерттеуді талап ететін форс-мажор жағдайларда ғана жүк көлігі жалпы кезектен шығарылып, жеке алгоритм бойынша тексеріледі. Бұл жалпы кезекке және уақытқа кері әсер етпейді, – дейді Нұрлан Халимұлы.
Алдан Төлегенұлы шекарадан өткізу кезіндегі үдерісті жеделдету, тіркеу рәсімдерін автоматтандыру, әкімшілік кедергілерді және болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында тауар-көліктік жүкқұжатқа тауар жөнелтуші мен қабылдаушы туралы ақпарат көрсетілген қосымша баған енгізуді ұсынды. Сондай-ақ кейбір кеден бекеттерінде тауар-көліктік жүкқұжат формасының талапқа сай еместігін, мөрдің анық қойылмағанын айтып, ілік іздеушілердің бар екенін, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуға алып келетінін айтып, басшылық тарапынан ұдайы бақылау болуы қажеттігін ескертті.
Жиын қорытындысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облысымыздағы департаменті басшысы Болат Исақов облысымыздағы мемлекеттік кірістер департаменті, «Атамекен» ҰКП облысымыздағы филиалы және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, бекеттегі ахуалға байланысты сараптама жүргізуді ұсынды. Тосқауылдардың қай деңгейде орын алатыны анықталып, сәйкесінше ұсыныстар берілетін болады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
P.S. Батыс Қазақстан Ресейдің бес облысымен шектесетін шекара ұзындығы үлкен аймақ. Облыста алты бекет орналасқан. Соның ішінде «Сырым» бекетінің жүгі мол. Екі жақтан да ағылған жүк көліктері үшін бекеттің өткелі тарлық етуде. Осы ретте бекетті жаңғырту туралы шешім қабылданып, жобалық эскиз жасалған. Басқосуға қатысқандар бекеттің жаңғыртылуы жүк көліктерін өткізу қуаттылығын арттыруға ықпал етеді деген сенімде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Кіру
Пікір үстеу