БАҚҰЛ БОЛ, АЯУЛЫ АНА, АСЫЛ ӘЖЕ!

Ұлы Жеңісті жақындатуға ат салысқан тыл және еңбек ардагері Сайран Ахметова 95 жасында дүниеден озды.
Сайран Ахметова 1924 жылы Қазталов ауданында туған. 1941 жылы Отан соғысы басталғанда ол 17 жаста ғана болатын. Ата-анасы негізін қалауға қатысқан Қазталов ауданында Еңбекші колхозынан ер азаматтарды соғысқа алып, колхозда үлкендер мен бала-шаға, әйелдер қалады. Жастайынан зерек, өжет болып өскен Сайран колхоз бухгалтерінен есепшілікті үйренеді. Колхозшылар жиналып Сайран апамызды бухалтерлік жұмысқа бекітеді және бастауыш комсомол ұйымының хатшысына сайлайды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Сайран апай да Еңбекші колхозының тұрғындарымен бірге майдан даласына өзіндік үлестерін қосты. «Әйелдер колхозы» деп те аталған Еңбекшіде ерінбей еңбек етіп, даладағы учаскелерге бөлініп, егін салып, мал фермаларының бел ортасында жүрді. Колхоздаға жалғыз ЧТЗ тракторы да қайта-қайта сына береді екен. Оны жөндейтін мамандар жоқ. Осындай қиыншылықтардың үстіне колхозға Украинадан 50 отбасы көшіп келеді. Онсызда колхозда 80 отбасы бар болса, көшіп келушілермен бірге жағдай күрт қиындай түседі. Тізім жасалып, әрбір отбасына колхоз есебінен ет беріліп, ауыл адамдары бір түйір құрт, бір тілім нанның жартысымен бөлісіп, украиндықтарды аштық құрсауынан аман алып шығады. Сайран апай көзі тірісінде: «Осы қиын-қыстау шақты басымнан өткеріп, көзіммен көрген едім. Ол қиындықтарды әлі ұмытпаймын. Ақыры жеңіп шыққанымызға мақтанамын. Украинадан келген жандардан көмегін аямаған Еңбекші колхозының халқына да ризамын» деп айтып отыратын.
Күндіз колхоздың есеп-қисабын шығарып, кешке солдаттарға жылы киімдер әзірлеуді ұйымдастырып, түнде өгіз шанамен далаға барып, қар басып қалған мая шөптерді аршып әкелетін Сайран апайдың ауылдастарына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 1943-1944 жылдардың да ауыртпалығын жерлестерімен бірге өткерген 19 жастағы Сайран Ахметова талай сынақтарға төтеп берді. Қаңтар айында колхоз бастығы үлкен кісілермен бірге екі сиырды сатып, колхозшыларға астық әкелу үшін өгіз шанамен Саратов облысы Новозенский ауданына жібереді. Барлық шаруаны бітіріп қайтып келе жатқанда оларды милиция ұстап алып, екі тәулікке КПЗ-ға отырғызып қояды. Бұларды екі тәуліктен кейін шығарады. Сөйтіп, бидайы мен қара астығын тиеп елге аман-есен оралып, халықтан алғыс алады. Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыл тұрғындарын аштыққа ұрындырмау, колхоз жұмысын жетілдіру, Украинадан көшіп келгендерді орналастыру, соғыс қасіретін шеккен отбастарының жағдайын жасау жолында Сайран шешеміздің де қосқан еңбегі өлшеусіз.
Осындай Тыл және еңбек ардагері, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аяулы ана, ардақты әже Сайран Ахметова 95 жасында дүниеден озып отыр.
Марқұмның ағайын туғандары мен ұрпақтарына және «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінде заңгер қызметін жемісті атқарған, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық қоғамдық қозғалысы Республикалық Батыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Альфия Қайыршақызы Кәрібаеваға қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
«КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің құрылтайшысы, ректораты, Республикалық «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыхалықтық қоғамдық қозғалысы Батыс Қазақстан филиалының басшылығы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу