8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2026 87 0
Спорт

Бақдәулет СӘБИТОВ: «Ауыл халқының спортпен шұғылдануына жағдай жасалуда»

Әр өңірдің тыныс-тіршілігін оның спорттағы серпіні мен салауатты өмір салтына деген ұстанымынан аңғаруға болады. Жеңіс тұғырында желбіреген көк Ту, жас спортшылардың жалын атқан жанары, бұқаралық спорттың жандана түсуі – жүйелі еңбектің, нақты мақсаттың нәтижесі. Батыс Қазақстан облысында осы бағыттағы жұмыстардың бүгіні мен ертеңі, спорт саласының даму бағдары көпшілікті қызықтырары анық. Осы орайда біз БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитовпен сұқбаттасып, өңір спортының жетістіктері, өзекті мәселелері мен алдағы жоспарлары жөнінде әңгімелескен едік. Сала басшысы атқарылған істерге тоқталып қана қоймай, болашаққа бағытталған тың бастамаларымен де бөлісті.

Бақдәлет Маратұлы, Батыс Қазақстан облысында спорт пен дене шынықтыруды дамытудың негізгі басымдықтары қандай? Облыс тұрғындарының спортпен жүйелі айналысу көрсеткіші қанша пайызды құрайды?

– Бұқаралық спортты дамыту, дені сау ұлтты қалыптастыру, 2029 жылға дейін спорт және дене шынықтырумен айналысуға еліміздің тұрғындарының  50 пайызын тарту, спорт инфрақұрылымын жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бағытында ағымдағы жылы облысымызда ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі күні облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 294 830 адамды қамтиды. Ол облыс халқының 42,4 пайызын құрайды. 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Кейінгі жылдары бұқаралық спортты дамытуда қандай өзгерістер болды?

Кейінгі жылдары бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі әрі нақты өзгерістер жүзеге асырылуда. 2025 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын халықтың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың үлесін арттыруға басымдық берілді. Осы мақсатта оқушылар мен студенттер арасында, сондай-ақ барлық жас санатын қамтитын спорттық-бұқаралық іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жыл басынан бері барлығы 2 744 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 149 531 адам қатысты. Аталған шаралардың 3-еуі халықаралық деңгейде, 38-і республикалық, 192-сі облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Бұл көрсеткіштер өңір тұрғындарының спортқа деген қызығушылығының артқанын, салауатты өмір салтын ұстануға бетбұрыс жасалғанын айқын көрсетеді. Бұқаралық спортты дамыту арқылы халық денсаулығын нығайту және жастарды спортқа тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелітүрде жалғасын табады.

Жақсы көрсеткіш! Бүгінде Батыс Қазақстан облысы бойынша қанша спорт нысаны жұмыс істейді? Соңғы жылдары спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында қандай өзгерістер орын алды?

Облысымызда бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында қазіргі таңда барлығы 1 583 спорттық құрылым жұмыс істейді. Атап айтқанда, олардың қатарында 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 оқу-жаттығу орталығы, 42 спорт кешені, 5 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 73 ату тирі, 28 хоккей қорабы, 883 жазық спорт алаңы, 17 теннис корты, 6 жүзу бассейні, 328 спорт залы және 188 жапсарлас салынған спорт зал бар.

Спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту жұмыстарының нәтижесінде 2025 жылы спорттық ғимараттар саны 2024 жылмен салыстырғанда 20 бірлікке артты. Соның арқасында облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 75,9 пайызға жетті. Бұл өткен жылы 65,8 пайызды құраған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың желтоқсан айында Орал қаласының 10-шағынауданында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ-ның қаражаты есебінен көпбейінді дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Аталған нысан өңір тұрғындары үшін қолжетімді спортпен шұғылдануға жаңа мүмкіндік ашып, бұқаралық спорттың дамуына серпін беріп отыр.

Ауылдық елді мекендердегі спорт инфрақұрылымының қазіргі жағдайы қандай? Соңғы жылдары жаңа спорт нысандары пайдалануға берілді ме?

Ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту – біздің басты басымдықтардың бірі. 2024 жылы облыстағы барлық аудан орталықтары толыққанды дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілді. Бұл ауылтұрғындарына спортпен жүйелі айналысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 2025 жылы облыста КПО б.в. компаниясының әлеуметтік инвестициялық жобалары аясында бірнеше жаңа нысандар пайдалануға берілді: Бәйтерек ауданының Дариян ауылында және Теректі ауданының Ақжайық ауылында ДШСК, Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында, Қаратөбе ауданының Шөптікөл ауылында және Бөрлі ауданының Қызылтал ауылында мәдени-спорттық кешендер, Бөрлі ауданының Жарсуат және Кеңтүбек ауылдарында спорт кешендері ашылды.

«Samruk-Kazyna Trust» АҚ әлеуметтік жобаларды дамыту қорының есебінен Теректі ауданының Жаңаөмір ауылында ДШСК құрылысы аяқталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданының Есенсай ауылында модульді спорт кешені пайдалануға берілді, ал Бәйтерек ауданының Щапов ауылындағы мәдени-спорттық кешені мен Жәнібек ауданының Жәнібек ауылындағы фитнес залы салынды.

Соңғы үш жылда облыста барлығы 34 спорт алаңы және 20 спорт, мәдени-спорттық кешен пайдалануға берілді. Осы нәтижелердің арқасында 2025 жылы облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 75,9 пайызға жетіп, 2024 жылғы 65,8 пайыздан айтарлықтай артты. Бұл көрсеткіш ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға қолжетімділіктің артқанын, салауатты өмір салтын қолдауға жасалған нақты қадамдарды айқын көрсетеді.

Толығырақ «Жайық үні» газетінің №6 санынан оқи аласыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамыз!
15 Ақпан 2026
315 0
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
779 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»