8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2024 4145 0
Оқиға

БҚО тұрғындарын 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері онлайн аукционнан автокөлік сатып алып беремін деген сылтауымен облыс тұрғындарының миллиондаған ақшасын иемденген алаяқты ұстады. Ол әртүрлі көліктердің фотосуреттерін көрсетіп, олар үшін көлікті сатып алатынын айтып, алдын ала төлем алып отырған. Мәселен, Орал қаласының кәсіпкерлерінің бірі алаяққа сеніп, оған 7,4 млн теңге, тағы бір тұрғын оған 4,5 млн теңге берген. Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы облыс тұрғындарына келтірілген шығын 23 миллион теңгені құрайды. Ұсталған адамның айтуынша, ол барлық ақшаны құмар ойындарға және ұтысқа жұмсаған. Полиция департаменті облыс тұрғындарына күмәнді мәмілелерге сенбеуді және тексерілмеген адамдарға үлкен көлемде ақша бермеуді ескертеді.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
233 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
242 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»