8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2021 1746 0
Қоғам

БҚО-НЫҢ БАС ИМАМЫ АУДАН ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен барғанҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша бас имамы Бақытжан Сабырәлиев алдымен аудан әкімі Азамат Сафималиевтің қабылдауында болды. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевпен бірге аудандық Ардагерлер үйіне барды. Бұл туралы  ҚМДБ-ның  БҚО бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда қонақтарды Жәнібек ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерсайын Құбашев бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері күтіп алды. Аталмыш ұйым төрағасы дін өкілдеріне ардагерлер кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы егжей-тегжейлі түсінік берді. Емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды, ауданнан шыққан батырлар мен өнер адамдары туралы айтылды.

Өз кезегінде Бақытжан Құралбайұлы аудан ардагерлерінің басыбайлы ғимаратының бар екенін, аудан әкімдігімен бірлесіп атқарып отырған жұмысына ризашылығын білдірді. Ардагер-ұстаз Қабаш Жүнісов қонақтарға ақ батасын берді. Бұдан кейін аудандық мешіттің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев бастаған дін өкілдері аудандық музей бөліміне саяхат жасады.

Бас имам аудан, ауыл мешіттеріне арнайы барып, мешітке жиналған бірге намаз оқылып, бірлік жайында уағыз айтып, сауалдарына жауап берді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
297 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
319 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
298 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
339 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»