8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Сәуір 2021 1534 0
Қоғам

БҚО-ДА ТОҒЫЗ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Бүгінде өңірде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 9 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, деп мәлім етті  БҚО әкімдігінің  баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысында тиісті жұмыстар атқарылуда. Оқушылардың  сапалы  білім алуына жағдай жасау мақсатында  қазірі  уақытта тоғыз мектепті ң құрылысы жүруде. Оның ішінде 2 мектеп республикалық бюджеттен берілетін субвенция есебінен, 5 мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында, 2 мектеп жеке инвестициялар есебінен салынуда.

Тоғыз білім беру нысанының төртеуі – облыс орталығында, бесеуі – аудандарда.

Аталған білім беру нысандарының құрылысы мектептерде үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге және апатты жағдайдағы мектептерді жоюға, сол арқылы өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы басымдықты іске асыру мақсатында салынған мектептер жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
339 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
359 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
338 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»