БҚО-да Nur Otan партиясының активі өтті
Батысқазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек енді қандай мөлшерде бағытталады? Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен бюджеттік қызметкерлер ай сайын қанша алады? Осы сұрақтар мен облыс орталығынан қашық аудандарды таза ауызсумен қамтамасыз ету және тағы көптеген мәселелер облыстық партиялық активте талқыланды.

«27 ақпанда өткен «Nur Otan» партиясының XVIII съезі қойылған мәселелердің сипаты мен ауқымы жағынан тарихи съезд болды» деп атап өтті актив жиынын ашқан БҚО әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен партия қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бойынша әлеуметтік саладағы реформалардың тағдыры үшін жауапкершілікті өзіне алды. Сонымен қатар ел Президенті барлық мемлекеттік органдар мен партиялық көшбасшылардың назарын Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жақсарту жөніндегі ұйыммен қатар жұмысты жандандыруға аударды. Біздің өңірде он колледж қазіргі заманғы стандарттар бойынша жұмыс істей бастайды. Бұл – жұмысшы жастарды, сондай-ақ педагогтер мен медбикелерді сұранысқа ие мамандықтарға үйрететін колледждер. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді, – деді Алтай Сейдірұлы.
Сондай-ақ өңір басшысы автожол желілерін жақсарту, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, шалғай елдімекендерді газдандыру мәселелеріне тоқталды.
БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева атаулы әлеуметтік көмек және басқа да төлемдер туралы айтып берді.
– Облыс бойынша 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2100 ата-анаға жәрдемақы мөлшері 30%-ға артатын болады. Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 538 ата-анаға берілетін жәрдемақы мөлшері 40 мың 538 теңгені құрайды, – деп атап өтті Бибігүл Тишанқызы.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға дейін арттыру жоспарлануда, олар облыстың 56 мың тұрғынын қамтиды. Әр түрлі саладағы жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын арттыру, тұрғын үй құрылысы жөніндегі жоспарларды және тағы басқа жайттарға егжей-тегжейлі баяндалды. Ағымдағы жылы қалада 20 көппәтерлі үйдің және ауылда 70 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, облыста газдандыру бойынша үш жоба іске асырылуда, оның аяқталуы бойынша БҚО-да халықты газдандыру 96,4%-ға жетеді.

Партия активінің жұмысына көп балалы аналар да қатысты. Мәселен, Теректі ауданының тұрғыны 30 жасар Жанна Әділбаева 5 баланың анасы. Аудандық ауруханада әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істейді. Ол осы кезге дейін көпбалалы отбасы ретінде мемлекет тарапынан көмек алып жүргенін айтып, мүмкіндікті пайдаланып отырғанымен бөлісті.
– Былтыр 300 мың теіге атаулы әлеуметтік көмек берілді. Ірі қара мал алдық. Жартысына жем-шөп алдық. Соның енді бізге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сүті бар, еті бар. Әрі қарай көбейтеміз деген ойдамын, – дейді ана.
Бәйтерек ауданы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Владимир Харькин, «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, «Уральскоторговопромышленная компания» ЖШС директоры, қалалық мәслихат депутаты Валерий Крылов, Орал қаласының №5 емхана директоры Сәуле Бұлқашева, «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиевтар сөз алды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу