БҚО-да «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдау басталды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттері үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Орал-Саратов тас жолы бойындағы қаланың жаңа ауданында тұрғын үй салынуда. Тұрғын үйдің 1 ш.м. құны 140 000 теңгені құрайды. Үш тұрғын үйдің құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан мәлім етті.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы — бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін ең тиімді шарттармен жаңа тұрғын үй алудың бірегей мүмкіндігі. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші – қатысушы, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адам тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы қолданыстағы шарт ашуы немесе болуы қажет. Пәтерді сатып алу үшін ТҮҚЖБ клиенттеріне шотта 20% мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарна жеткілікті, сонда олар жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша алдын-ала қарыз ала алады. Банктің мақсаты – салымшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Бұл жұмысты біз үздіксіз жүргізіп келеміз, ол үшін бізге жергілікті әкімдік қызметкерлері мен құрылысшылар көмектесуде. Нәтижесінде жыл соңына дейін біз өз клиенттерімізге 1 ш.м. құны 140 000 теңге болатын таза әрленген 1 100 пәтерді ұсынуға дайынбыз. Бұл сандар – елдегі азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету секілді ең басты әлеуметтік мәселені тиімді шешудің айқын мысалы.
Мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді жеңілдетілген шарттармен жүзеге асырылып жатқандықтан, үміткерлерге қойылатын талаптар бар. Олар:
– ҚР азаматтығының болуы немесе оралман мәртебесі;
– өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің болмауы;
– соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы;
– тұру мерзіміне қарамастан тұрғын үй алуға үміткер сол елді мекенде тұрақты тіркелуінің болуы.
– төлем қабілеттілігін растау.
«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 теңге сомасында жинақталуы тиіс.
Қазіргі таңда Зачаганск кентінен 297 пәтерге өтініш қабылдау жүргізілуде: оның ішінде бір бөлмелі – 108 пәтер, екі бөлмелі пәтер – 72 пәтер. Үш бөлмелі пәтерлер бұл үйлерде жоба бойынша қарастырылмаған, ал алдағы берілетін үйлерде пәтердің осы түрі болады. Осы ауданда бағдарлама бойынша тағы да екі 9 қабатты тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 3 үй мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласындағы 1 үйге жыл соңына дейін өтініш қабылдау жоспарда тұр.
– Бұл үйлердегі бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 5 609 800 теңгені құрайды, сәйкесінше бастапқы жарна 1 121 960 теңгеден кем болмауы тиіс. Несие бойынша ай сайынғы төлем алғашқы 8 жылда 37 960 теңгені құрайды, одан кейін ол 18 244 теңгеге дейін төмендейді, оны клиенттер тағы 11 жыл ішінде төлейтін болады, – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалының директоры Диас Рахымжан.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық нысандар туралы baspana.kz сайтына өтіп білуге болады. Бұл портал тұрғын үйді бөлу процесінің ашықтығы мен таңдаудың ыңғайлылығы үшін арнайы әзірленген. Онда қолжетімді тұрғын үйге үміткер қандай нысандар салынатынын, өтініш қабылдау жүргізілетіндігін, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысуға өтінім бере алады. Нысан үшін өтініштерді қабылдау құрылыс аяқталғанға дейін бірнеше ай бұрын жарияланады. Пулдарға ҚТҚЖБ-ның барлық клиенттері қатыса алады, алайда тұрғын үй алаңын мемлекеттік бағдарламаға қойылатын талаптарға сай келетіндер мен ең көп балл жинағандар алады. Балл саны депозитті толтыру мерзімділігіне және оның қолданылу мерзіміне байланысты. Осылайша, депозит ерте ашылып, уақытылы толықтырылса, соғұрлым баллдар жоғары болады. Ұпайлар арнайы бағдарламаны есептейді, ондағы адам факторы алынып тасталды, яғни процесс автоматтандырылған және ашық.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу