8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Мамыр 2026 304 0
Заң және тәртіп

БҚО-да нөмірін әдейі жасырған жүк көліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылды

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейтін автоматты камералардан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлерін әдейі жасырған үш жүк көлігін анықтады.

Тексеру барысында барлық көлік құралдары мен олардың жүргізушілерінің жеке басы анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды.

Полиция мәліметінше, жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару, сондай-ақ нөмірді тануға кедергі келтіретін құрылғылар мен материалдарды пайдалану заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамақ және бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
267 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
103 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайын өрт шарпыды
27 Шілде 2026
122 0
Құрылтай-2026
Шетелде дауыс беру
27 Шілде 2026
128 0
Құрылтай-2026
«Совет да согласие – залог успеха»
26 Шілде 2026
167 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»