8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Шілде 2025 1476 0
Оқиға

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. БҚО Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы Бөкейорда және Тасқала аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде төрт күдікті қолға түсті.

Тергеу барысында анықталғандай, 2024 жылдың қараша айынан 2025 жылдың маусымына дейін аталған тұлғалар Бөкейорда ауданы аумағындағы еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарын жүйелі түрде ұрлап келген. Жалпы 49 бас ірі қара ұрланған. Мал иелеріне келтірілген шығын көлемі шамамен 20 миллион теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, олардың бұған дейін жасалған тағы үш мал ұрлығы қылмысына қатысы бар екені дәлелденді.

Полиция қызметкерлері қазіргі таңда күдіктілердің өзге де осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастыруда.

Ішкі істер органдары тұрғындарды малдарын қараусыз қалдырмауға, жайылым кезінде сақтық шараларын күшейтуге және күдік туғызатын жағдайлар бойынша дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
244 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
275 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
252 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»