БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы қарияға тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті
БҚО-да көші-қон қызметі 76 жастағы аудан тұрғынына тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкерлері қарттар мен қозғалысы шектеулі азаматтарға қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.
Шыңғырлау ауданы полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының қызметкерлері 1950 жылы туған аудан тұрғынына тұрғылықты мекенжайында мемлекеттік қызмет көрсетті. Азаматтың жеке куәлігінің қолданылу мерзімі өтуіне байланысты оны жаңарту қажет болған. Денсаулық жағдайына байланысты бөлімшеге өздігінен келу мүмкіндігі болмағандықтан, полиция қызметкерлері арнайы тұрғылықты мекенжайына барып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізді. Барлық рәсімдер заң талаптарына сәйкес орындалып, өтініш толық қанағаттандырылды. Тұрғылықты мекенжайға шығып қызмет көрсету – полиция жұмысының халыққа бағытталған нақты көрінісі. Бұл әсіресе қарттар мен денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан тұрғыны көрсетілген қамқорлық пен жедел көмек үшін полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді. БҚО полиция департаменті алдағы уақытта да азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.
Ақпарат көзі Polisia.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Казахстан стал лидером в Центральной Азии по ВВП на душу населения, обогнав Россию и Китай
Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетті
Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді
Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «The National Interest»
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды
28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады – «Жер сағаты» акциясы өтеді
Глава государства вручил звание «Қазақстанның Еңбек Ері» Ерванду Ильинскому 27 марта 2026 года
Будущее рынка ГСМ: эксперты обсудили вызовы либерализации ценообразования
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Кіру