БҚО-ДА БИЫЛ ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА БАРҒАН 79 МАМАН ҮЙЛІ БОЛДЫ
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының жүзеге асқанына он жылдан аса уақыт өтті. Осы жылдар ішінде аталмыш мемлекеттік бағдарлама жастарды жұмыспен және баспанамен қамтып қоймай, ауылдық жерлердің экономикалық әлеуетін арттырып, маман тапшылығы мәселесін де шешуге себеп болуда. Бағдарламаның игілігін көргендердің басым бөлігі – педагогтар.
Бұл бағдарлама негізінен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған. 2009 жылдан бері аймақта барлығы әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 3797 маманы 11518,4 млн. теңге бюджеттік несие алыпты. Талдауларға сүйенер болсақ, олардың дені мұғалім мамандығын меңгергендер. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева жоба талаптары жыл сайын жаңартылып, жастарға қолайлы жағдай жасалып отырғанын айтады. Мәселен, 2021 жылы 396 маманға бюджеттік несие беру үшін республикалық бюджеттен 1733,0 млн. теңге қарастырылса, биылғы жылдың 1 мамырына дейін ауылға келген 79 маман мемлекеттік бағдарлама қатысушысы атанған. Сонымен қатар аудандардың мәліметтері бойынша жергілікті бюджеттен ауылға келген 694 маманға әлеуметтік қолдау көрсетуге 618,2 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде көтерме жәрдемақыға – 202, 8 млн.теңге.
– «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдың бірінші қаңтарынан бері жүзеге асырылып келеді. Жоба шеңберінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бір жолғы көтермеақы мен тұрғын үй алу немесе салып алу үшін берілетін бюджеттік кредит болып табылады. Облыста баспана сатып алу үшін несиеге мұқтаж мамандар саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2010 жылдан бастап берілген несиелер саны 3,8 есеге өсті. Бағдарлама шеңберінде берілетін жобалардың мөлшерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысымен айқындалды. 100 АЕК мөлшерінде бір реттік көтеру жәрдемақысы – 2021 жылы 291 700 теңгені құрап отыр. Сонымен қатар тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін 15 жылға дейінгі жылдық мөлшерлемесі 0,01 пайызбен 1500 АЕК (2021 жылы 4 375 500 теңге) мөлшерінде несие беріледі. Жүзеге асырылатын әлеуметтік қолдау мемлекеттік қызмет болып табылады және оны аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарын дамыту саласындағы уәкілетті органдары ұсынады. Мемлекеттік қызмет «Ауылдық елдімекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» стандартына сәйкес көрсетіледі, – деді Райса Еркеғалиева.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығымен бағдарлама қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізіліпті. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін оңтайландыру және электронды форматты енгізу мақсатында тұрақты комиссия алынып тасталған. Оған қоса өтінішті, құжаттарды тапрсыру мен мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелеріне қол жеткізу шарасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады және ақпараттық жүйелерден алуға болатын электрондық анықтамалар жинау міндетті емес. Әлеуметтік қолдау шараларына ие болу үшін бұрын берілген несиелер атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішіндегі кредиттердегі қарыздарының болмауы ескеріледі. Тұрғын үйді жақындарынан немесе туыстарынан сатып алуға болмайды. Оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері қысқартылған. Көтермеақы 27 жұмыс күнінен 6 жұмыс күніне дейін төленеді. Бұрын үй сатып алуға 47 жұмыс күні аралығында несие берілсе, енгізілген өзгерістерге орай, он жұмыс күні ішінде есепшотқа қаражат түседі.
Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен «Дипломмен – ауылға» жобасына ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қосылған.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Кіру
Пікір үстеу