8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Маусым 2026 362 0
Заң және тәртіп

БҚО-да «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы бастау алады.

Бұл туралы БҚО Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, облыс әкімдігі жанындағы бала құқығын қорғау комиссиясы төрағасының орынбасары Афиза Болатқызы мәлімдеді.

Оның айтуынша, жазғы демалыс кезеңінде өңір бойынша 126 221 баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатта мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер, аула клубтары, спорт секциялары мен шығармашылық алаңдардың жұмысы ұйымдастырылуда.

Акция аясында балалардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, су айдындары мен жолдағы қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жүргізу бағытында кешенді іс-шаралар өтеді.

Басқарма басшысы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылауда ұстауға және қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруға шақырады.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 бірыңғай байланыс орталығына немесе 7420 сенім телефонына хабарласуға болады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
248 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
280 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
256 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
294 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»