8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2026 261 0
Экономика

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

2026 жылғы сәуір айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын көрсетті. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 84,4%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді.

Аумақтық бөлініс әртүрлі елді мекен тұрғындарының бағалауларында жоғары деңгейдегі үйлесімділікті көрсетеді. Қала тұрғындарының арасында респонденттердің 84%-ы елдің даму бағытын оң бағаласа, ауыл тұрғындары арасында бұл көрсеткіш сәл жоғары – 85,2%-ды құрайды. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, азаматтардың қазіргі бағытты қабылдауы ұқсас екенін көрсетеді.

Гендер тұрғысынан талдау ерлер мен әйелдердің де жоғары деңгейде оң баға беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, әйелдер арасында бұл көрсеткіш біршама жоғары – 86,2%-ды құрады, бұл ерлер арасындағы көрсеткіштен 4,3%-ға артық.

Жас ерекшелігі тұрғысынан ең жоғары қолдау деңгейі жастар арасында тіркелді – 89,3%. Бұл жастардың қазіргі саяси бағытты анағұрлым оң қабылдайтынын көрсетеді.

Сатып алу қабілеті артқан сайын оң бағалар да айтарлықтай өсетіні байқалады. Өздерінің экономикалық жағдайының жақсарғанын сезінетін респонденттер бұл ілгерілеуді қазіргі саяси бағытпен байланыстыруға бейім.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың саяси бағытқа берген бағасы негізінен оң сипатқа ие екенін және халықтың негізгі әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктеріне қарамастан жоғары деңгейде сақталатынын көрсетеді.

Әлеуметтік сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктеу жиынтығының көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалалар – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
265 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
243 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
282 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»